11, 12, 14 және 15 ақпанда ARTиШОК эксперименттік театры British Council ұйымының қолдауымен британдық драматург Ник Пейннің «Шоқжұлдыздар» спектаклін ресейлік режиссер Борис Павловичтің қойылымында ұсынады.
Британдық драматург Ник Пейннің пьесасы бізді түгелдей салыстырмалы, қыл шектер тартылып тасталған және орасан зор жылдамдықпен кеңейіп жатқан кванттық әлемге шақырады.
Өткізу орны: ARTиШОК театры, Алматы, Қонаев көшесі, 49 Билеттердің құны: 4500 теңге Билеттерді www.tiketon.kz сайтында онлайн және театр кассасынан сатып алуға болады. Жұмыс күндері сағат 13:00-19:00 |