Creative Spark – бұл Біріккен Корольдіктің қолдауымен жеті елде, соның ішінде Орталық Азияда (Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстанда), Оңтүстік Кавказда (Әзірбайжан, Армения, Грузияда) және Украинада кәсіпкерлік машықтарды және креативті экономиканы дамыту мақсатымен халықаралық университеттерге қолдау көрсету және халықаралық әріптестіктерді дамыту жөніндегі бес жылдық бастама.
Әріптестік қор бағдарламаға қатысушы елдерде кәсіпкерлік машықтарға оқытуға ықпалдасатын тиісті қызмет бағыттарын әзірлеуге және іске асыруға қолдау көрсетеді. Бұл бастама аталмыш елдерде жасампаз индустрияларды дамыту арқылы жұмыссыздықты төмендетуге септесетін болады.
Қыркүйектің 12-де сағат 15.00-де (Астана уақыты) Creative Spark әріптестік қоры туралы ақпарат алу үшін біздің вебинарымызға қосылыңыз.