Creative Spark: жоғары оқу орындарына арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі бағдарлама
Creative Spark – бұл Біріккен Корольдіктің қолдауымен жеті елде, соның ішінде Орталық Азияда (Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстанда), Оңтүстік Кавказда (Әзірбайжан, Армения, Грузияда) және Украинада кәсіпкерлік машықтарды және креативті экономиканы дамыту мақсатымен халықаралық университеттерге қолдау көрсету және халықаралық әріптестіктерді дамыту жөніндегі бес жылдық бастама.
Осы жеті елде жоғары білім беру саласындағы реформаларды қолдау және жұмысқа орналастыру проблемасын шешуге жәрдемдесу үшін біз кәсіпкерлік саласында білім беруді дамыту үшін Біріккен Корольдіктің тәжірибесін пайдаланамыз. Осылайша біз бағдарламаның бірінші жылының ішінде 10 000 студент пен жас кәсіпкерге қолдау көрсетеміз.
Бағдарлама негізгі үш элементтен тұрады:
- Кәсіпкерлік машықтарға үйретуге қолдау жасау және кәсіпкерлік орталықтарын құру үшін Біріккен Корольдіктегі және бағдарламаға қатысатын елдердегі университеттер мен креативтік институттардың арасындағы әріптестіктерді дамыту.
- Студенттер мен креативтік кәсіпкерлерге арнап идеялар питчингі, бизнес құру, зияткерлік меншікті қорғау және кредит алу сияқты тақырыптарды қамтитын кәсіпкерлік бойынша оқу бағдарламаларын әзірлеу.
- Цифрлық оқу ресурстарына, соның ішінде оқу платформаларына, онлайн курстарға және көпшілік қатысатын қашықтан оқытатын ашық курстарға қолжетімділік беру арқылы ағылшын тілін оқытып, бұл орайда кәсіпкерлерге арналған ағылшын тіліне баса назар аудару.