EUNIC Europe in Faces
Date
Сейсенбі 01 Қыркүйек 2015 - 10:00 қа Жексенбі 18 Қазан 2015 - 23:59
Location
«Еуропалықтардың бет-бейнесі» конкурс

Байқау мерзімі ұзартылды!

EUNIC Алматы ұйымы Turkish Airlines компаниясының қолдауымен Еуропалық тілдер күніне орайластырылған «Еуропалықтардың бет-бейнесі» конкурсын жариялайды.

Сіз еуропалық елдердің Қазақстанда жұмыс істейтін өкілдерін білесіз бе?

Олардың өмірі, жұмысы және біздің еліміздегі іс-тәжірибесі туралы әңгімелеп беріңіз. Олардың бізге айтары да, бөлісері де көп болуға тиіс. Бірегей жол тауып, жасампаздық қабілетіңізді танытыңыз!

Конкурсқа қатысу үшін мыналар қажет:

  • avi немесе flv пішімінде көлемі 300 Мб-қа дейін бейнежазба жасаңыз. Бейнеролик 3 минуттан ұзаққа созылмауға тиіс.
  • Туындыңызды sendspace.com жүйесі арқылы eunic.almaty@gmail.com электрондық мекенжайына салып жіберіңіз. Толық аты-жөніңізді, толық пошталық және электрондық мекенжайларыңызды, үй телефоны мен ұялы телефондарыңыздың нөмірлерін жазыңыз.

Жұмыстарды тапсырудың ең соңғы мерзімі  - 2015 жылғы 18 қазан.

Жеңімпаз 2015 жылғы 23 қазанда жарияланады. 

Гран-при: Turkish Airlines беретін Стамбулға бір билет.