Апта сайын біз үздік музыканы таңдаймыз және оны әлеммен бөлісеміз
Selector радиосы Ұлыбританияның жаңа үздік музыкасын апта сайын бейне және радио арқылы дүниежүзіндегі миллиондаған тыңдарманмен бөліседі.
- Selector Radio бағдарламасында Ұлыбританияның әртүрлі өңірлерінен шыққан кез келген жанрдағы топтар мен орындаушылардың музыкасы шырқалуы мүмкін. Ең бастысы — ол жаңа әрі қызықты болуы керек. Selector сіздерді Ұлыбритания бойынша виртуалды саяхатқа — Бристоль, Белфаст, Кардифф және Глазго сияқты қалалардың қақ ортасына шақырады. Selector бағдарламасы әлемнің түкпір-түкпіріндегі радиостанциялар арқылы таратылады. Егер сіздің аймағыңызда ол эфирге шықпаса, жұма күндері жаңа шығарылымдарын онлайн тыңдай аласыз.
- Selector сессиялар сізге 100 астам айрықша жанды музыка жазбаларын жеткізеді, соның ішінде Yard Act тобы, Рэйчел Чиноурири, Шотландияның Джаз жүлделері жеңімпаздары, corto.alto, Mercury Prize премиясының иегерлері, English Teacher тобы.
- Selector After Dark бағдарламасы апта сайын қонақ диджейлердің, орындаушылардың және продюсерлердің жаңадан шыққан, үздіксіз микстерін ұсынады.
- Selector Behind the Music – дүниежүзіндегі музыка саласы мамандарының пікірсайыс пен талқылау подкастымыз.
Сондай-ақ Selector мұрағаты бағдарламасын тамашалап, Ұлыбритания топтарының өнер жолындағы жанды композицияларын қамтитын шоулар дискографиясымен таныса аласыз, соның ішінде Elbow тобы, Надин Шах, Джейми Вун, Tourist тобы және көптеген басқа орындаушылар.