22 – 29 мамыр аралығында Алматыдағы еуропалық мәдениет институттарының қоғамдастығы (EUNIC Алматы) Еуропалық кино апталығын өткізеді.
Кино-апталықта Австрия, Ұлыбритания, Венгрия, Германия, Испания, Италия, Норвегия, Түркия, Франция, Швейцария, Швеция және Эстония қатарлы 12 ел өз фильмдерін көрсетеді. Фильмдер түпнұсқа тілде және орыс тіліндегі субтитрмен көрсетіледі.
Билеттерді сіздер «Арман» кинотеатрының кассаларынан сатып алуыңызға немесе бронь жасауыңызға болады.
Билет құны: 1,000 теңге.
Кино апталығынын бағдарламасы:
Күні | Фильм |
22 мамыр 18.30 | La Bataille de Solferino (Франция, драма) |
22 мамыр 20.30 | Длинная история (Түркия, драма) |
23 мамыр 18.00 | Ego (Швеция, романтикалық комедия) |
24 мамыр 18.00 | Der Goalie Bin Ig (Швейцария, романтикалық драма) |
25 мамыр 18.30 | Die Fetten Jahre Sind Vorbei (Австрия, мелодрама) |
25 мамыр 21.00 | La Grande Belezza (Италия, драма) |
26 мамыр 18.30 | Made in Hungary (Мажарстан, комедия) |
26 мамыр 21.00 | Kon-Tiki (Норвегия, тарихи оқиға) |
27 мамыр 18.30 | Kebab Connection (Германия, комедия) |
27 мамыр 20.30 | Georg (Эстония, биографиялық драма) |
28 мамыр 18.30 | Pride (Ұлыбритания, драма/комедия) |
29 мамыр 18.30 | Blancanieves (Испания, фантастикалық драма / дыбыссыз кино) |
EUNIC – Еуропа Одағына мүше елдердің халықаралық мәдени ұйымдарының қоғамдастығы.