4 қазанда сағат 14.00-де Каспий Университетінде (Сейфуллин даңғылы, 521) Еуропалық тілдер күнінің құрметіне Еуропалық Одақтың мәдени ұйымдарының бірлестігі (EUNIC) ұйымдастырған іс-шара өтеді.
Еуропалық тілдер күнінің бағдарламасына бірнеше еуропалық тілдегі мастер-кластар, музыкалық өнер көрсету, ойындар мен конкурстар кіреді.
Сондай-ақ іс-шарада Еуропалық тілдер күнінің қарсаңында Turkish Airlines компаниясының қолдауымен ұйымдастырылған «Еуропалықтардың бет-бейнесі» бейне-конкурсының қорытындысы шығарылады. Конкурстың жеңімпазы – ең жасампаз әрі төлтума роликтің авторы Стамбулға ұшатын екі билетті иеленеді.
Сондай-ақ жақсы жүлделер, соның ішінде тіл үйрену курстары мен емтихандар ұтысқа салынатын лотереяға қатысуға болады.
Іс-шараның бағдарламасы:
14.00 |
Еуропалық тілдер күнінің ашылуы
Құттықтау сөз: Барбара Фрайфрау фон Мюнххаузен Гёте-Қазақстан институтының директоры, 2015 жылғы EUNIC Almaty президенті
Каспий университетінің Академиялық мәселелер жөніндегі проректоры Оксана Валентиновна Киричок |
14:30 |
Тіл үйрету бойынша мастер-кластар (ағылшын, неміс, француз және түрік тілдері) |
15:15 | Музыкалық үзіліс |
16:00 |
Тіл үйрету бойынша мастер-кластар (неміс, француз және түрік тілдері, IELTS сынағына дайындық бойынша семинар) |
16.30 |
«Еуропалықтардың бет-бейнесі» конкурсының жеңімпазын марапаттау Лотерея Тіл үйрену курстары мен емтихандарын ұтысқа салу (Гёте-Қазақстан институты жүргізетін неміс тілі курсы, Алматы Француз Одағы жүргізетін француз тілі курсы, British Council беретін IELTS сертификаты және т.б.) |