Date
Сейсенбі 07 August 2018
Location
ӨТІНІМ БЕРУ СОҢҒЫ МЕРЗІМІ

Осы жазды тиімді өткізгіңіз келе ме? Әлеуметтік кәсібіңізді үйлестіруде маңызды дағдыларды игеруді қалайсыз ба?

Қазақстандағы Британдық Кеңес (British Council Kazakhstan) “Шеврон” компаниясы мен Атырау облысы әкімдігімен бірлесе отырып, сізді «I-SEED: Инновациялар – әлеуметтік кәсіпкерлік және білім беру» бағдарламасы аясында әлеуметтік кәсіпкерлік жазғы мектебіне шақырады. 

I-SEED жобасы Қазақстандағы әлеуметтік белсенді жастарды қолдауға және әлеуметтік кәсіпкерлікті ілгерілету арқылы әлеуметтік мәселелерді тұрақты шешу үшін жағдай жасауға бағытталған. Жобаға Атырау қаласының 16-25 жас аралығындағы әлеуметтік белсенді жастар қатыса алады.

I-SEED жобасы аясында қатысушыларға төмендегі бағыттар бойынша интерактивті тренингтер өткізіледі:

  • Әлеуметтік кәсіпкерлік
  • Бизнес жоспарлау
  • Фандрайзинг және инвестиция тарту
  • Маркетинг 
  • Желілік өзара байланыс орнату
  • Презентация және питчингтік дағдылар 
  • Өмірлік дағдылар (көшбасшылық, командамен жұмыс және тиімді қарым-қатынас)

ӨТІНІМ БЕРУ

Жобаға қатысу үшін өтінімді толтырып, Nauryz.Kuspangaliyev@kz.britishcouncil.org электронды поштасына 2018 жылдың 07 тамызына дейін жіберуіңіз қажет.

Жобаға қатысу тегін.

Жоба жайында толық ақпаратпен сілтеме арқылы өтіп танысуыңызға болады.