Еуропалық тілдер күніне байланысты, EUNIC Алматы «Саяхатшыларға арналған сөздік» атты бейнебаян жұмыстарына байқау жариялайды.
Бір елге алғаш рет барғанда қандай сөздер мен тіркестер қажет?
Еуропа елінің бірінің тілінде саяхатқа шыққандар үшін ең қажетті сөздер мен сөйлемдердің тізімін жаса (мысалы, Ұлыбритания, Германия, Франция, Мажарстан, Испания, Швейцария және т.б.) да, iPad 32 GB ұтып ал!
Байқауға қатысу үшін не қажет?
- Ұзақтығы 3 минут болатын Еуропа елдерінің біріне саяхатқа аттанатын туристке қажетті сөздер мен тіркестерді қолданып бейнебаян түсіру керек.
- Ерекше және креативті тәсіл табыңыз!
- Жұмыстарыңызды файл алмастыру бағдарламасының көмегі арқылы eunic.almaty@gmail.com электрондык сайтқа жіберіңіз. Өзіңіз жайлы деректеріңізді көрсетіңіз (аты-жөні, тегі, мекен-жайы, ұялы телефон нөмірі, электрондық пошта)
- Жұмыстарды тапсырудың соңғы мерзімі –2017 жылғы 3- қазан
Қатысушылар
Қазақстанда туратын, барлық азаматтар байқауға қатыса алады, жасына қарай шектеу қойылмайды. EUNIC қатысушы-ұйымдардың қызметкерлері, сондай-ақ олардың туыстары байқауға қатыса алмайды.
Жеңімпаздар және жүлделер
Жеңімпаз, 2017 жылы 8-қазанда, Еуропалық тілдер күнінде жарияланады.
(орны мен уақыты кейінірек хабарланады).
Бас жүлде: iPad 32 GB ұтып аласыз.
Қазылар алқасы
Қазылар алқасы: Alliance Française Almaty,
British Council, Goethe-Institut Kasachstan өкілдерінен тұрады.
Бағалау кезінде мынадай критерийлер ескертілетін болады:
-Өзіндік ерекше мазмұны
-Шығармашылық көзқарас
-Байқау тақырыбына сәйкестігі
Байқауға қатысуыңызбен, сіз, ұйымдастырушыларға жұмыстарыңызды жариялауға, пайдалануға құқық тапсырасыз. Сонымен қатар фотосуреттеріңізді, атыңызды маркетингтік және жарнамалық мақсаттарда пайдалануға рұқсат бересіз. Сондай-ақ EUNIC сайтында, EUNIC ұйымына қатысатын ұйымдардың әлеуметтік желілер сайттарында\топтарында пайдалануына рұқсат етесіз.
Сізге сәттілік тілейміз және белсенді түрде қатысады деп үміттенеміз күтеміз!
Барлық сұрақтар бойынша Анна Мельник ханымға хабарласыңыз: eunic.almaty@gmail.com, anna.melnik@almaty.goethe.org, т.: + 7 (727) 2797904, 2798012.