Шекспирдің ең әйгілі анти кейіпкері арқылы театр болмысына терең бойлау...
Қазақстандағы British Council Алматыда британдық режиссер Джефф Чёрч және Алматыдағы Республикалық неміс драма театры қойған «Мен Гамлетпін» пьесасын ұсынады. Көрсетілімдер Алматы қаласында Қазақстан жазушылар одағында өтеді:
Өтетін күні | уақыты |
09 қыркүйек | 20.00 |
10 қыркүйек | 19.00 |
11 қыркүйек | 18.00 |
Жобаны Джефф Чёрч Алматыдағы DTA Республикалық неміс драма театрымен бірлесіп 2016 жылы дайындаған және қойған.
Iamhamlet қойылым туралы...
Көз алдыңызға елестетіңізші. Шағын бөлме, орындық, сұр шынының үлкен табағы. Тас төбеңізде ілінген шам тербеліп тұр. Шамның жарығы сіз отырған жаққа түскенде, сіз шыныдан тек өз бейнеңізді ғана көресіз; шам екінші жаққа ауытқығанда, шынының ар жағынан сіз қарама-қарсы отырған адамды көресіз. Ол сіздің көзіңізге тура қарайды. Пайда болады. Ал сіздің бейнеңіз оның бетіне қабаттасқан кезде ғайып болады. «Мен Гамлетпін». Спектакль-айна. Спектакль-тұңғиық. Классикалық драматургияның ең әйгілі кейіпкерлерінің бірі арқылы өзіңізге өзіңіздің терең бойлауыңыз.
Джефф Чёрч
Джефф Чёрч – режиссер, театр шеберханаларының жетекшісі, театр жобалары саласындағы фасилитатор және іс-тәжірибе жөніндегі жетекші маман. Өзінің Dramatic Resources компаниясымен және оның еншілесі Hydrocracker театрымен бірге, қойылымдар мен оқыту ісінде интербелсенді тәсілдемені қолдана отырып, Джефф әлемнің алуан түрлі елдерінде Theatre 503, National Theatre, East 15 Drama School және DTA сияқты театр компанияларымен, сондай-ақ ірі корпорациялармен, соның ішінде Deloitte, Adecco, Accenture және IMD Business School (Лозанна) корпорацияларымен бірлесе жұмыс істеді.
Алматы қаласындағы Республикалық неміс драма театры
Республикалық неміс драма театры 1980 жылы Теміртау қаласында құрылды. Сол жылдары театрдың афишасынан неміс және орыс классикасының туындыларын көруге болатын. Ол кезде ұжымды Э.С. Аракелов басқарды. Театрға режиссер Э.Шмидт келгеннен кейін классикалық репертуар айтарлықтай кеңейіп, шетел классикасымен, сондай-ақ балаларға арналған музыкалық көрсетілімдермен молықты.
1989 жылы Б. Атабаевтың басшылығымен театр Алматыға көшіп барады. Алайда дәл сол кезде немістердің Германияға жаппай көшіп-қонуы басталады, театрдың әртістері мен басқа да қызметкерлері кетіп қалады. 1993 жылдан бастап Неміс драма театрының ұжымының өзінің түрін өзгертіп, соңғы бірнеше жылды баламалы әдістерді қолдану арқылы түрлі тәжірибе жасаумен өткізіп келді. Бүгінгі таңда да театр тәжірибе жасауын жалғастыруда.