Конкурсымыз аяқталды
Бас жүлде иесі
Бақытжан Бұхарбай конкурсымыздың бас жүлденің жеңімпазы. Бақытжынның эссесін оқыңыз.
Көтермелеу сыйлықтар
Бақытжан Дүйсенова және Наталья Плотникова көтермелеу сыйлықтарды ұтып алды. Бақытжанның эссесін оқыңыз, Натальяның эссесін оқыңыз.
Ұлы драматург Уильям Шекспирдің құрметіне арналған шығармашылық эсселер конкурсына қатысыңыз да, Ұлыбританиядағы ағылшын тілінің екі апталық курсын ұтып алу мүмкіндігіне ие болыңыз!
Конкурсты British Council ұйымы, Celtic English Academy және Costa Coffee қолдауымен Shakespeare Lives жобасының шеңберінде өткізеді.
Шекспирдің төменде келтірілген дәйексөздерінің бірін таңдаңыз да, оның сізге қаншалықты жақын екені және бүгінгі таңда қаншалықты өзекті екені туралы қысқаша эссе жазыңыз.
- Бақыт құсын ұстап алу үшін жүгіре білу керек («Лир патша»)
- Өзі жараланбаған адам ғана біреудің жарасына күледі («Ромео мен Джульетта»)
- Тегім мықты болмаса да, туа біткен ақылыммен жеңемін. («Лир патша»)
- Адал ойлайтын адам тура сөйлейді! («Лир патша»)
- Еркі әлсіз адам бәрінен де көп зардап шегеді. («Гамлет»)
- Адам талас-тартыс орын алған шағын мемлекетке ұқсайды («Юлий Цезарь»)
- Ештеңе де өз бетімен жақсы не жаман емес, оны адамның ойы ғана жақсы не жаман етеді. («Гамлет»)
- Сөз дертке дауа да болады, сеспей қатыратын у да болады («Отелло»)
- Басқалардың күнәсін талқылауға ұмтылма – өзіңнен баста, сонда басқаларда шаруаң болмайды (Генри VI)
Еңбектер ағылшын, қазақ немесе орыс тілдерінде жазылуға тиіс, бір үміткерден бір эссе қабылданады. Мәтіннің көлемі 300 сөзден аспауға тиіс. Осы талапқа сай келмейтін эсселер қарастыруға қабылданбайды.
Эссе мынадай өлшемдер бойынша бағаланады:
- ой-пікірдің анық әрі айқын баяндалуы, дәл құрылымдалуы және толықтығы
- эссе мазмұнының таңдалған тақырыпқа сәйкестігі
- тақырыпты ашып көрсеткен кезде үміткердің өз пікірін (тұрғысын, көзқарасын) білдіруі
- эссе мазмұнының бірегейлігі
Жеңімпазды British Council ұйымының, Қазақстандағы Ұлыбритания Елшілігінің және «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ-ның өкілдерінен құралатын комиссия таңдайды. Комиссияның шешімі түпкілікті болады.
Эссе 2017 жылғы 23 қаңтардан 12 ақпанға дейінгі кезеңде қабылданады.
Қатысу шарттары:
- Конкурсқа конкурс қорытындысы шығарылған сәтке қарай 18 жасқа толған және одан асқан Қазақстан азаматтары қатыса алады
- Жүлдені алу үшін ағылшын тілін білудің қажетті деңгейі – Elementary деңгейінен төмен болмауға тиіс
- Жолсапарға шығатын сәтке қарай (2017 жылғы сәуір - мамыр) шетелдік төлқұжаты болуы керек
Эссе конкурсының талаптарымен мына жерден танысуға болады.
Конкурстың бас жүлдесі: 2017 жылғы сәуірден мамырға дейінгі кезеңде Celtic English Academy мектебінде өтетін ағылшын тілінің 2 апталық курсы.
Бас жүлде төмендегілерді қамтиды:
- 2 апталық оқу (Celtic English Academy мектебінде)
- Визаның ақысын төлеу
- Тұрғын жай
- Тамақтану
- Алматы – Кардифф – Алматы немесе Астана – Кардифф – Астана әуе сапары
Жүлде төмендегілерді қамтымайды:
- Астана немесе Алматы қаласына тұрғылықты жерінен барып-келуге байланысты көлік шығындары
- Қазақстанда әуежайдан/әуежайға барып-келу
- Медициналық сақтандыру
- Күнделікті жұмсайтын және басқа шығындар
Көтермелеу сыйлықтар
Соған қоса барлық қатысушылар арасында Costa Coffee-ден көтермелеу силықтар ойнатылады.
Назар аударыңыз:
- British Council конкурстың жеңімпазына 2017 жылғы 27 ақпанға дейін хабарласады.
- Конкурстың нәтижелері әлеуметтік желілердегі British Council Қазақстан парақтарында 2017 жылғы 27 ақпаннан кейін жарияланады.
Эссеңізді тіркелу пішінімен бірге 2017 жылғы 12 ақпаннан кешіктірмей info@kz.britishcouncil.org электрондық мекенжайына жіберіңіз (Shakespeare Lives essay competition деген белгі қойыңыз)