Ұлыбританияға сапар жеңіп алғыңыз келеді ме?
Олай болса ғылым, технология, инжиниринг, математика және инновациялар туралы қызықты видео түсіріңіз де біздің конкурсқа қатысыңыз!
Конкурсқа Қазақстан Республикасының 5-11 сынып мектеп оқушылары және колледждердегі 1-2 курс студенттері қатыса алады.
Онлайн-өтінімдер 2015 жылдың 22 қарашасына дейін қабылданады.
Толығырақ мына сілтеме арқылы біле аласыз.
Бұл конкурс «ТДЖҰА» АҚ-мен әріптестікте және «Ньютон – Әл-Фараби» әріптестік бағдарламасының, ЭксонМобил Қазақстан Инк., Астаналық балалар сарайының, «Самсунг Электроникс» компаниясының және «Ойла» ғылыми-көпшілік журналының қолдауымен жүзеге асырылады.