2014 жылы Ұлыбритания мен Қазақстанның үкіметтері жалпы бюджеті 20 миллион фунт стерлингіні құрайтын «Ньютон – Әл-Фараби» атты бірлескен бес жылдық Әріптестік бағдарламасын бастады. Екі жақ бағдарламаны тепе-теңдік шарттарында қаржыландырады.

Бағдарлама Ұлыбритания мен Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігінің Кәсіпкерлік, энергетика және индустриалды стратегия министрлігі басқаратын Ньютон Қорының қызметі шеңберінде және соның қаражаты есебінен жүзеге асырылады (қордың капиталы 2021 жылға дейін 735 млн фунт стерлинг құрайды). Ньютон Қорының түрлі бағдарламаларды қаржыландыруы даму мақсатында ресми көмек көрсету бойынша Ұлыбританияның міндеттемелерінің бір бөлігі болып табылады. Қордың жұмысы арқылы Ұлыбритания серiктес елдердің әлеуметтік экономикалық дамуына жәрдемдесу мақсатында ғылыми-зерттеу және инновациялық қызметіндегі өзінің білімі мен тәжірибесімен алмаса алады.  
Екі жақты және көп жақты бағдарламалар шеңберіндегі бірлескен жұмыс барысында Ұлыбритания мен Қазақстан бұрыннан бар байланыстарды кеңейту мен нығайтуды және ғылыми зерттеулер мен инновациялар саласында мықты, тұрақты, жүйелі қарым-қатынас құруды ниет етеді. 

«Ньютон – Әл-Фараби» бағдарламасының үйлестірушілері Қазақстан тарапынан «Ғылым қоры» АҚ және Ұлыбритания тарапынан British Council болып табылады.

Ньютон Фонды туралы көбірек ақпарат алу үшін www.newtonfund.ac.uk сайтын пайдалануыңыз болады. Фонд туралы жедел ақпарат алу үшін @NewtonFund твиттерге жазылыңыз.

In this section