Ұлыбританияға сапар шеккіңіз келеді ме? Ғылымның, технологияның, инженерияның немесе математиканың (STEM) кез келген саласындағы өз жобаңыз туралы ұзақтығы 2,5 минуттан аспайтын қызықты бейне сюжет түсіріп ең үздік инновациялық жобаға арналған конкурсқа қатысыңыз!
Конкурсқа орта және жоғары сынып оқушылары, сондай-ақ (Конкурс басталған сәтте) колледждердің 1 және 2 курстарында оқитын студенттер қатыса алады.
Конкурсты Британ кеңесінің және "Шеврон" компаниясының қолдауымен «Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттігі» АҚ өткізеді.
Бейне-өтінімдер онлайн режимде http://natd.gov.kz/ru/competitions/shkolnik_2016_ru/ сайтында 2016 жылғы 11 қыркүйекке дейін қабылданады.