Date
Сенбі 29 Ақпан 2020 - 12:00 қа Жексенбі 01 Наурыз 2020 - 22:00
Location
Almaty

Британдық Кеңестің Creative Producers бағдарламасы шеңберінде 29 ақпаннан бастап 1 наурызға дейін STYQ арт-фестивалі  өтеді.

STYQ – бұл қазіргі заманғы коллаборациялық өнердің екі күндік марафоны, оның аясында күндізгі көрме мен кешкі перформативтік бағдарлама көзделген. Жоба қаланың белсенді аудиториясын тартып қана қоймай, біріккен жаңа жасампаз топтардың бастамаларына жолдама беретін өзіндік алаңға айналады.

Біздің жобамыздың миссиясы -  біріктіру, эмпатия және эксперимент жолымен нағыз және сапалық тұрғыда жаңа өнерді өсіру және алға бастыру.

‘STYQ дегеніміз не?

1. ‘STYQ – өнер мен шығармашылықтағы барлық мүмкін бағыттардың, атап айтқанда:
•визуалды және бейнелеу өнерінің;
•поэзия;
•музыка;
•театр;
•би;
•мультимедианың 
түйісуі.
 
2. ‘STYQ – бұл шағын аудиториялардың біртұтас мәдени қозғалысқа бірлесуі. Осылайша біз жергілікті және халықаралық мәдениеттерді жасаймыз және қолдаймыз. 
 
3. ‘STYQ – бұл ортақ идея аясында біріккен арт-локациялардың, креативті командалар мен жасампаздардың бірлестігі. Бұл күн мен түннің, жыл мезгілдерінің, сағат белдеулерінің, тіпті он жылдықтардың түйіскен тұсындағы жұмыс!
 
Платформа шеңберіндегі бірінші шоукейс-фестивалінің тақырыбы: “CONNECTION”
 
Өткізілетін күндері:
 
•1- 28 ақпан - ARTMEKEN Gallery қазіргі заманғы өнер галереясының негізіндегі арт-лаборатория
•28 ақпан – PRE-EVENT: Qazaq Indie ұсынған музыкалық шоукейс
•29 ақпан – 1 наурыз – фестивальдің негізгі күндері
•29 ақпан – 8 наурыз – жас суретшілердің жаңа медиа форматындағы "Connection" көрмесі
 
STYQ’ мультидисциплинарлы өнер фестиваліне арнап біз арт-лаборатория ашып отырмыз. STYQ’ арт-фестиваліне арналған ARTMEKEN галереясы — тәжірибе мен инсайт орны. Мұнда біз visual art, музыка, поэзия, би мен театрдың арасында коллаборация құрамыз. Арт-лабораторияда жасалған жобаларды командалар 29 ақпан - 1 наурыз кезеңінде STYQ фестивалі аясында өткізілетін көрмеде ұсынады.