British Council ұйымы Қазақстан-Британ техникалық университетімен (ҚБТУ), Алматы қаласын дамыту орталығымен (АДО) және Алматы қаласының әкімдігімен серіктестік шеңберінде бір күндік «БізАлматыз» форумын ұйымдастырады. Форум 22 қыркүйекте сағат 10.00-ден 17.00-ге дейін ҚБТУ-да өтеді.
Үш жылдық «БізАлматыз» жобасының шеңберіндегі бір күндік форум азаматтық қоғамды белгілі бір бағытта дамыту арқылы «белсенді азаматтар қаласын» қалыптастыру үшін билік органдарының, үкіметтік емес ұйымдардың және белсенді азаматтардың арасында сұхбат орнату мақсатында өткізіледі.
Форумда жергілікті мемлекеттік биліктің жетекші өкілдері, әлеуметтік және жасампаз кәсіпкерлер, үкіметтік емес ұйымдардың (ҮЕҰ) және азаматтық қоғам ұйымдарының өкілдері қалаларды дамытуға азаматтарды қатыстыру мәдениетін тарату саласындағы өздерінің идеяларын, ұғымдары мен білімін бөлісу үшін жиналады.
Жоба Еуропалық Одақтың Қазақстандағы Өкілдігінің қаржылық қолдауымен іске асырылады.
ФОРУМНЫҢ ТАҚЫРЫБЫ
Форумның негізгі тақырыбы «Алматы қаласын дамытуға қала тұрғындарын қатыстыру мәдениетін тарату» болып табылады, онда сарапшылар тобының жетекшілігімен пікірталастар, тәжірибе, пікір мен білім алмасу өтеді.
БАҒДАРЛАМА
Форум туралы толығырақ ақпарат алу үшін оның бағдарламасын жүктеп алып, шығып сөйлеушілердің тізімімен танысуға болады.
ФОРУМҒА ШАҚЫРЫЛАТЫНДАР
- жергілікті билік органдары
- ҮЕҰ
- әлеуметтік және жасампаздық индустриялар
- азаматтық қоғам ұйымдары
- белсенді азаматтар
ТІРКЕЛУ
Егер форумға қатысқыңыз келсе, онлайн режимде тіркеліңіз. Онлайн режимде тіркелу 2017 жылғы 20 қыркүйекке дейін ашық.