Date
Бейсенбі 31 Қазан 2019 - 23:02 қа Жексенбі 10 November 2019 - 23:59

2020 жылдың 13 мен 18 қаңтар аралығында WeAlmaty бірнеше Алматы белсенді азаматтарын Ұлыбританияға оқу сапарына саяхаттауға жібереді! Қатысушылар Лондон, Манчестер және Бристоль қалаларында бірқатар ұйымдарға барады.

Оқу сапарының мақсаттары:

-      Әртүрлі жергілікті өзін-өзі басқару органдары мен қала экономикасының түрлі секторлары қоғамдастыққа қатысуына, әлеуметтік қызмет және әлеуметтік кәсіпкерлікке қалалық-аймақтық және жергілікті деңгейде қолдаудағы рөлін зерттеу;
-     Әртүрлі тетіктерді зерттеу (қаржылық мүмкіндіктер, іске қосу және қолдау қызметтері, әлеуетті дамыту және оқыту, еріктілер құрылымы, активтерді табыстау және басқа модельдер)
-    Ұлыбритания елінде немесе аймағындағы қалалық немесе аймақтық деңгейіндегі заңнамалық және саяси жағдайды түсіну;
-    Әлеуметтік қызмет/кәсіпкерліктің әртүрлі модельдерін және Ұлыбритания қоғамымен өзара әрекеттерін зерттеу;
-    Ұлыбритания тұрғындарын әлеуметтік қызметке және әлеуметтік кәсіпкерлікке тартудың әртүрлі тәсілдері мен ынталандыруларын зерттеу;
-    Digital сандық әлеуметтік инновациялар мен технологиялардың әлеуметтік әрекеттер мен қоғамдастықтың қатысуын ынталандыру құралы ретіндегі рөлін зерттеу;
-    Жобаның бастамашысы ретіндегі көшбасшылықтың рөлі туралы білу.

 

Оқу сапарының соғында сіз осы тәсілдерді Алматыдағы жұмысыңыз бен жобаларыңызға қолдана аласыз деп үміттенеміз. Оқу сапарының Ұлыбританияда болатындығын ескере отырып, біз ағылшын тілінде сөйлейтін азаматтардың өтініштерін қабылдаймыз. Сапардың барлық қатысушылары қайтып оралғаннан кейін өз оқу зерттемелерін талдап, қысқаша баяндама және білгендерін өз жұмысында және / немесе азаматтық немесе еріктілік қызметінде қалай қолдануды күтетіндігі туралы егжей-тегжейлі сипаттама жазады деп күтілуде.

Өтінімдерді қабылдаудың соңғы мерзімі - 10 қараша.