Aptis-ті өз қажеттіліктеріңізге қарай білімді бағалау жүйесінде таңдаңыз

Aptis - емтихан алушылар тарапынан сенімді түрде бекітілген, нәтижесі тез шығатын компьютерлік тест. Aptis-ті бүгінде 85-тен астам елдің университеттері, мектептері мен үкіметі қолданады. Сондай-ақ, ол ағылшын тілін білудің айқын деңгейін көрсетуде министрліктер, білім беру мекемелері және әлем бойынша жергілікті биліктер тарапынан сенімге кірген.

Қандай машықты тестілеу керегін таңдаңыз

Сіз төрт тілдік машықтың біреуін немесе бірнешеуін тексере аласыз. Яғни: ауызекі, жазбаша, тыңдалым және оқылым. Барлығы қажеттіліктеріңізге байланысты. Әр тестіде грамматика мен сөздік қор бойынша міндетті модуль болады. Өйткені олар әр машық бойынша CEFR деңгейлерінің қосымша кепілдігі іспеттес.

Қашан, қайда және қалай тапсыру еркіңізде

Aptis икемді жүйесімен ерекшеленеді. Ол қалай десеңіз, тестілеу жүйесі айрықша. Қай күні, қай жерде емтихан тапсыруды өзіңізге таңдауға мүмкіндік берілген. 

Aptis - кандидаттар көп болса да, машықтарының деңгейіне қарамастан, бірнеше локацияда өткізуге мүмкіндік беретін тестілеу құралы. Сіз барлық процесті өз бақылауыңызға ала аласыз, сондай-ақ, сіздің орныңызға мұны біз жасап бере аламыз.

Ерекше қажеттілігі бар кандидаттарды да қабылдап, тиісті нәрселерді жасай аламыз. Мысалы, Брайль немесе өте ірі қаріп, тайминг, қағаз тестілер және т.б.

Нақты әрі сенімді нәтижелер 48 сағаттан соң қолыңызда болады

«Біздің командамыздағы емтихан алушылар арнайы оқыған. Олар ауызша және жазбаша машықтарды өте қатаң тексеріс пен бақылауға сәйкес 48 сағат ішінде бағалайды. Aptis-тің оқылым, тыңдалым, грамматика және сөздік қор құрылымдары жүйеде автомат түрде анықталады».

Ақылға салып барып шешім қабылдаңыз

Aptis кандидаттардың машығын күнделікті шынайы өмірлік ситуацияларда қалай сөйлесетінін тексереді. Осылайша олардың тіл білу қабілетінен баға беріледі. 

Нәтижелер жеке және топтық есептерге салынады. Олар әр тілдік машыққа арналған CEFR-ге байланған. Бұл сізге әр кандидаттың тілдік профиліне қатысты толық көрініске ие болуға мүмкіндік береді. Сөйтіп олардың әлсіз не мықты тұсын тауып, басқалармен салыстырғандағы рейтингінен хабардар етеді. Осының көмегімен олардың жұмысына анализ жасап, жобаларыңыздың қаншалықты табысты болатынын бағамдай аласыз.

Тілдік тестілеуіңіздің сапасын қамтамасыз етіңіз

Сіз өзіңіздің тілдік жобаларыңыз үшін біздің тәжірибеміз бен сапаны қамтамасыз ету процестерімізге толықтай сенсеңіз болады. Aptis-тің дизайны, жасалуы және бағалау жүйесі кең көлемді әрі тұрақты өткізіліп тұратын зерттеулерге негізделген. Тесттегі барлық сұрақ тәптіштеп тексеріледі, анализ жасалады. Сөйтіп біздің қатал талаптарымызға сай келгендері ғана тесттерге қосылады.

Сенімді серіктес табыңыз

Тілдік тестілер өткізуден біздің 80 жылдан астам тәжірибеміз бар.

Біздің жаһандық желінің артықшылықтарын қолданып, қауіпсіздіктің жоғары стандарттары мен кез келген көлемге арналған түрін әлемнің 100-ден аса елінде қолдана аласыз.

 

Сыртқы сілтемелер