Егер сіз Aptis тестін тапсырып жатқан болсаңыз, оның форматымен, тапсырмаларының түрімен танысуыңыз керек. Сонда емтихан күні жоғары нәтижеге бір табан жақындай түсесіз.

Aptis тестінен өту үшін қанша уақыт кетеді?

Aptis тестінің жалпы ұзақтығы сіз тапсыратын тесттінің құрылымына байланысты болады. Aptis General тестінің әр құрылымы үшін берілетін ең ұзақ уақыт мынадай:

  • Грамматика және сөздік қор: 25 минут
  • Ауызекі сөйлеу: 12 минут
  • Жазбаша: 50 минут
  • Оқылым: 35 минут
  • Тыңдалым: 40 минут.

Кейбір құрылымдардың уақыты басқаша болуы мүмкін. Яғни егер сіз Aptis Ілгері деңгей немесе оқытушыларға немесе жасөспірімдерге арналған Aptis тест тапсырып жатқан болсаңыз, өзгеруі ықтимал. Қосымша ақпарат алу үшін әр құрылымның сілтемелерін тексеруіңізді сұраймыз.

Дайындыққа арналған материалдар

Әр компонентке қатысты таныстырылған видеороликтерді қарап шығыңыз, кеңестерге құлақ түріңіз. Сондай-ақ, демо-тест тапсырып, Aptis-тің Жалпы тест және Ілгері деңгей тестілерінің кандидаттарына арналған жадынамаларды жүктей аласыз. 

Пайдалы жаттығулар үшін біздің Learn English веб-сайтында көптеген ақысыз ресурстар бар, онда сіз ағылшын тілін үйреніп, жетілдіре аласыз.