Бұл саясат IELTS Life Skills-ті қоса алғанда, UKVI үшін IELTS сынағына ғана қолданылады. UKVI-ге қатысты емес тесттерге арналған тиісті ережелермен танысыңыз: IELTS-ті жою және қайтару саясаты, тестілеу күнін ауыстыру.
A. Емтиханнан бас тарту
IELTS тестіне тіркелуден бас тарту үшін сол емтиханның өткізу күнінен бұрын кез келген уақытта тест орталығына хабарласуыңызға болады. Қаражатты қайтару шарттары бас тартқан уақытына және себептердің ерекшеліктеріне байланысты болады.
1. ТЕСТ ТАПСЫРУ КҮНІНЕ ДЕЙІНГІ КЕЗЕҢ
1.1. Тест күніне дейін 14 күннен аса уақыт қалғанда:
Егер сіз IELTS тестіне тіркеуден тест күніне дейін 14 күннен аса уақыт қалғанда бас тартсаңыз, тесттің жалпы төлемінің 75% қайтарылады.
1.2. Тест күніне дейін 14 күннен кем, бірақ екі күннен аса уақыт қалғанда:
Егер сіз IELTS тестіне тіркеуден тест күніне дейін 14 күннен кем, бірақ екі күннен аса уақыт қалғанда бас тартсаңыз, тесттің жалпы төлемінің 50% қайтарылады.
1.3. Тест күніне дейін екі күннен кем уақыт қалғанда:
Егер сіз IELTS тестіне тіркеуден тест күніне дейін екі күн қалғанда бас тартсаңыз, тесттің жалпы төлемінің 25% қайтарылады.
1.4. Тест күнінде немесе тест күнінен кейін:
Егер сіз IELTS тестіне тіркеуден тест күні немесе тест күнінен кейін бас тартсаңыз, ешқандай төлем қайтарылмайды.
2. ТЕСТ ТАПСЫРУШЫ ТАРАПЫНАН БОЛАТЫН ЕРЕКШЕ ЖАҒДАЙЛАР
Тестке қатыспай қалып, тест өткен күннен кейін бес жұмыс күн ішінде және тест күніне дейін сіз тест орталығына ерекше жағдайлар бойынша өтініш бере аласыз. Сіздің тест орталығыңыз жазбаша түрде алған өтінішіңізге жеті жұмыс күннің ішінде жауап беруі тиіс. Сіздің тест орталығыңыз сіздің жағдайыңызды ескеріп, ерекше жағдайлар ретінде бағалайды.
Ерекше жағдайлар және растайтын дәлелдемелер туралы барлық істерді тест орталығыңыз жоспарланған тест күнінен кейін бес жұмыс күн ішінде кешіктірмей қабылдауы керек.
Егер тест орталығы жағдайыңызды растайтын болса, сіз 25%-дан аспайтын әкімшілік алым шегерімімен толық қайтарымға ие боласыз.
Егер сіздің тест орталығыңыз жағдайыңызды растамаса, онда 1-ші бөлімде көрсетілген шарттар қолданылады.
Біз ерекше жағдайлар деп келесі жағдайларды қарастырамыз:
- Тестке баруға немесе тест кезінде кедергі келтіретін ауыр медициналық жағдайлар; мұндай жағдайлар білікті дәрігердің медициналық анықтамасымен расталуы тиіс.
- Жақын адамның қайтыс болуына, жарақат алуы немесе басқа ауыр жағайлардың орын алуы.
- Әскери міндетті атқару
3. ТЕСТ ОРТАЛЫҒЫ ТАРАПЫНАН БОЛАТЫН ЕРЕКШЕ ЖАҒДАЙЛАР
Тест орталығының бақылауынан тыс белгілі бір жағдайлар болып қалса, тест тапсыруды болдырмайтынымыз мүмкін. Бұл жағдайлар ауа-райын, табиғи апаттар, азаматтық толқулар және өндірістік әрекеттер немесе басқа жағдайлардың салдарынан болуы мүмкін.
Бұл жағдайлар орын алса, тест орталығыңыз ол туралы сізге мүмкіндігінше толық хабарлама беріп, сізге келесі таңдау ұсынады:
- төлемді толық қайтару немесе
- тест күнін өзіңізге ыңғайлы басқа күнге ауыстыру
Егер сіздің тест орталығыңыз бақылауға жатпайтын жағдайлар салдарынан тестті болдыртпаса, оны толығымен қайтарып беру немесе басқа тест күніне ауыстыруымен қатар, сіз оған шығындарды өтеу туралы өтінішпен жүгіне аласыз. Сіздің талабыңыз негізделген шағым ретінде бағаланады немесе тест Орталығының қатысы жоқ сияқты бағаланады және кез-келген өтемақы келесі шарттарға байланысты тағайындалады:
Тест орталығы тестті болдырмау туралы шешім салдарының өз бақылауында немесе өз бақылауынан тыс болғандығын анықтайды.
Кез келген тағайындалған өтемақы тек жол жүру және өмір сүру шығындарымен шектеледі, атап айтқанда:
- Тестке қатысуды жоспарлау нәтижесінде тікелей туындаған
- Төлем түбіртектерімен расталған шығындар,
Бұл шығындар сатушы тарапынан өтелмесе ғана қайтарылады. Ол үшін сатушы шығындарды өтелмейтінін дәлелдеу керек.
Қарастырылып отырған шығындар ең төменгі нарықтық мөлшерлемелер бойынша бағаланады (оны тест орталық өзі жүргізеді).
Егер өзіңіз тұратын жерден ең жақын тест өткізетін жерге барсаңыз, онда тест орталығы сіздің шағымыңызды орынсыз деп есептейді.
B.Тест күнін ауыстыру
4.1. Тест күніне дейін 14 күннен аса уақыт қалғанда:
Тест күнін кез келген уақытта тест күніне дейін 14 күннен аса уақыт қалғанда өзгертуге болады.
Алғашқы тестілеу күнінен бастап үш ай ішінде ыңғайлы жерде өткізілетін тест күнін таңдау керек. Егер сіз таңдаған тест күні алғашқы тест күнінен үш айдан асатын болса, онда тесттен бас тартқан сияқты болып есептеледі.
Тест күнін бір рет қана ауыстыра аласыз.
Тест орталығы жалпы тест төлемінен 25% көлемінде әкімшілік төлемақы алуға құқылы.
4.2. Тест күніне дейін 14 күннен кем уақыт қалғанда:
Тест күнін тест күніне дейін 14 күннен кем уақыт қалғанда ауыстыру тесттен бар тарту ретінде қарастырылады. Осы ережеде тесттен бас тарту туралы айтылған А бөлімін қараңыз.
Ескертпелер
i. Сіз тапсырған тест орталығы төлемді қайтаруға және аударымдарды ұйымдастыруға жауап береді.
ii. А.2 бөліміне сәйкес, тест орталығы ерекше жағдайларда тест тапсырушыларының шағымдарына байланысты шешімдер үшін жауап береді.
iii. А.3 бөліміне сәйкес, тест орталығы өтемақыға қатысты шешімдерге, оның ішінде жарамдылыққа және барлық берілген төлемдерге жауап береді.
iv. Егер сіз IELTS тестін тапсыруға тіркелген елдегі тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы жергілікті заңда жоғарыда көрсетілген құқықтарға қарағанда тесттен бас тарту және тест күнін ауыстыру аясында неғұрлым қолайлы құқықтары қарастырылған болса, онда тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы жергілікті заң қолданылады.