Емтихан күнін ауыстыру 

  • Үміткер емтиханды келесі үш ай ішіндегі басқа бір күнге ауыстыра алады, ол үшін таңдалған емтихан күніне бес аптадан астам уақыт қалғанда емтихан орталығына хабарлауға тиіс. Емтихан орталығы үміткердің төлеген ақшасын 25%-дан аспайтын мөлшердегі әкімшілік алымды шегере отырып қайтарады. 
  • Емтихан күніне бес аптадан кем уақыт қалғанда берілген емтихан күнін ауыстыру туралы өтінімдер тіркелудің күшін қайтару болып саналады. Мұндай жағдайда емтихан күні ауыстырылмайды. 
  • Егер үміткер емтихан күнін ауыстыру туралы өтінімді емтиханға дейін бес жұмыс күнінен кем уақыт қалғанда берсе, тек егер үміткер өзінің емтиханға ауырып қалуына немесе басқа дәлелді себепке байланысты қатыса алмайтынын Әкімшіге жеткілікті дәрежеде растаса ғана емтихан күнін ауыстыруға болады. Тек төмендегі себептер дәлелді себеп болып саналады: 
  1. Ауыру – мысалы, егер үміткер ауруханаға жатқызылса немесе жарақат алса (суық тиіп қалу сияқты жеңіл-желпі сырқаттық дәлелді себеп болып саналмайды). Үміткерлер медициналық анықтаманы беруге міндетті. 
  2. Қайғы-қасірет – жақын туысының қазасы. 
  3. Күрделі жағдаяттар/елеулі жарақат – егер, мысалы, үміткер қылмыстың немесе жол-көлік апатының салдарынан зардап шексе. 
  4. Әскери қызметті өткеру
  • Жоғарыда аталған себептердің кез келгеніне байланысты емтиханға келе алмайтын үміткер емтихан өткізілген күннен кейін бес жұмыс күні өткеннен кешіктірмей, емтихан орталығына емтихан күнін ауыстыру туралы өтініш беруге тиіс. Үміткер Ақшаны қайтару немесе емтихан күнін ауыстыру туралы өтінім пішінін толтырып, тиісті құжаттарды және (немесе) растамаларды қоса тіркеуге тиіс. Растаушы құжат ретінде төмендегі құжаттар қабылданады: білікті дәрігер берген медициналық анықтама, қаза туралы хабарлама немесе куәлік немесе полицияның есепхаты. Туыстары қол қойған ресми өтініштер немесе куәліктер қабылданбайды. 
  • Егер үміткердің өтініші құпталса, ол келесі үш айдың ішіндегі емтихан күнін көрсетуге тиіс, оны бос орындар болған жағдайда Әкімші құптауы керек. 
  • Егер үміткер емтихан күнін үш айдан асатын уақытқа ауыстырғысы келсе, ол ақшаны қайтару туралы өтінім беріп, емтиханға қайтадан тіркелуге тиіс. 
  • Емтихан күнін ауыстыру үшін төмендегі құжаттарды толтырып, тапсырыңыз: 
  1. Ақшаны қайтару немесе емтихан күнін ауыстыру туралы өтінім пішіні. 
  2. Растаушы құжаттар. 
  3. Жеке басын куәландыратын құжат. 
  4. Банктік төлемін растау

Емтиханға тіркелудің күшін қайтару 

  • Үміткер емтиханға тіркелуінің күшін қайтара алады, ол үшін таңдалған емтихан күніне бес аптадан астам уақыт қалғанда емтихан орталығына хабарлауға тиіс. Емтихан орталығы үміткердің төлеген ақшасын 25%-дан аспайтын мөлшердегі әкімшілік алымды шегере отырып қайтарады. 
  • Емтиханға тіркелуінің күшін қайтару туралы өтінімді емтихан күніне бес аптадан кем уақыт қалғанда берген үміткерге төлеген сомасы қайтарылмайды. 
  • Емтиханға тіркелуінің күшін қайтару туралы өтінімді емтихан күніне бес аптадан кем уақыт қалғанда берген үміткерлердің тек егер үміткер өзінің емтиханға ауырып қалуына немесе басқа дәлелді себепке байланысты қатыса алмайтынын Әкімшіге жеткілікті дәрежеде растаған жағдайда ғана төлеген ақшасын қайтарып алуға құқығы бар. Тек төмендегі себептер дәлелді себеп болып саналады: 
  1. Ауыру – мысалы, егер үміткер ауруханаға жатқызылса немесе жарақат алса (суық тиіп қалу сияқты жеңіл-желпі сырқаттық дәлелді себеп болып саналмайды). Үміткерлер медициналық анықтаманы беруге міндетті. 
  2. Қайғы-қасірет – жақын туысының қазасы. 
  3. Күрделі жағдаяттар/елеулі жарақат – егер, мысалы, үміткер қылмыстың немесе жол-көлік апатының салдарынан зардап шексе. 
  4. Әскери қызметті өткеру. 
  • Жоғарыда аталған себептердің кез келгеніне байланысты емтиханға келе алмайтын үміткер емтихан өткізілген күннен кейін бес жұмыс күні өткеннен кешіктірмей, төлеген сомасын қайтару туралы емтихан орталығына өтініш беруге тиіс. Үміткер Ақшаны қайтару туралы өтінім пішінін толтырып, тиісті құжаттарды және (немесе) растамаларды қоса тіркеуге тиіс. Растаушы құжат ретінде төмендегі құжаттар қабылданады: білікті дәрігер берген медициналық анықтама, қаза туралы хабарлама немесе куәлік немесе полицияның есепхаты. Туыстары қол қойған ресми өтініштер немесе куәліктер қабылданбайды. 
  • Егер үміткердің өтініші құпталса, емтихан орталығы үміткердің төлеген ақшасын 25%-дан аспайтын мөлшердегі әкімшілік алымды шегере отырып қайтарады. 
  • Емтиханға тіркелудің күшін қайтару үшін төмендегі құжаттарды толтырып, тапсырыңыз: 
  1. Ақшаны қайтару туралы өтінім пішіні.  
  2. Банктік деректемелер пішіні. 
  3. Жеке басын куәландыратын құжат. 
  4. Растаушы құжаттар

Апелляция: 

  • Апелляция – IELTS Life Skills сынағының нәтижелерін қайта тексеру туралы үміткердің өтінімі. Нәтижелерді қайта тексеру бас кеңсе өтінімді алғаннан кейін сегіз апта ішінде жүзеге асырылады. 
  • Үміткер апелляциялық өтінімді және растаушы құжаттарды Әкімшіге емтихан күнінен кейін алты апта ішінде беруге тиіс: 
  1. Апелляциялық өтінім пішіні. 
  2. Сертификаттың түпнұсқасы. 
  3. Банктік деректемелер пішіні. 
  4. Жеке басын куәландыратын құжат. 
  5. Банктік төлемін растау
  • Үміткерлер нәтижелерді қайта тексеру үшін емтихан өткізу жөніндегі серіктестер белгілеген 75 фунт стерлинг мөлшеріндегі ақыны төлеуге тиіс. 
  • Егер қайта тексеру нәтижесінде үміткердің қорытынды баллы көбейсе, орталық оған жаңа сертификат береді және нәтижелерді қайта тексеру үшін төленген соманы қайтарады. 
  • Егер үміткердің қорытынды баллы көбеймесе, оған тиісті құлақтандыру жолданады. Мұндай жағдайда жаңа сертификат берілмейді және нәтижелерді қайта тексеру үшін төленген сома қайтарылмайды. 

БАЙЛАНЫС ДЕРЕКТЕРІ

Егер сізде қосымша сұрақтарыңыз болса, біздің емтихан ұжымымен хабарласыңыз.