Осы тәжерибелік кеңестер Қазақстан әлеуметтік кәсіпкерлер қолдауымен әзерленді

1. Әлеуметтік кәсіпкерлік, ол - бір жағынан, кәсіпкер секілді ойлап, әлеуетті тәуекелдер мен мүмкіндіктерді есептеуді талап ететін бизнес. Екінші жағынан ол, барлық шығын- пайданы, өзіңіз таңдаған әлеуметтік проблемаларды шешу мен этика тұрғысынан бағалауға міндет артады.

Дәстүрлі бизнеске қарағанда, әлеуметтік кәсіпкерлік едәуір қиындау болатынын ескеру керек. Сол себептен, бұл сала, ең бастысы – сапалы да мағыналы бизнес-жоспардың, ізгі ниет пен шыдамдылықтың, өзіне және іске деген ізгі сенімнің болуын талап етеді.

2. Әлеуметтік кәсіпорныңыздың бизнес-жоспарын әзірлеу жолында мынандай мәселелерді қарастырғаныңыз жөн болар:

  • Қандай әлеуметтік мәселені шешкіңіз келеді?
  • Оны қалай шешешіз? Немен айналысатын ойыңыз бар: мысалы, балалар үйінің түлектеріне жұмыс орнын қамтамасыз ететін кафе ме, бәлкім  іскерлік пластикалық қалдықтарды өңдеумен айналысатын боласыз.
  • Қандай өнімдер сатуға немесе қандай қызмет көрсетуге белдендіңіз?
  • Адамдар не себептен сіздің өнім немесе қызметіңізді сатып алатын болады?
  • Сіздің кәсіпорныңызды кім жетелейді- өзіңіз бе, әлде сізге пікірлес адамдар қажет бола ма. Сіз оларды қайдан табасыз?
  • Мақсатыңыз не? Өз мақсатыңызды тұжырымдай отырып, «осындай уақытқа, мен компаниямның ………….. үміттенемін» деген айналымнан бастаңыз.
  • Нарықтың жағдайы. Нарықтық сұраныс қандай? Сіздің болашақ клиенттер және бәсекелестеріңіз кім? Баға саясатын қалайша шешесіз, кәсіпорныңыздың имиджі қандай болады? Адамдар кәсіпорныңыздың атын естігенде, оны қалайша қабылдайды? Өнім/қызметіңізді нарыққа шығару үшін қандай әдістер мен тәсілдер қолданатын боласыз? Т.б.
  • Сіздің кәсіпорныңыздың қызметінің қоршаған ортаға қандай әлеуметтік және экономикалық әсері тиетін болады? Мысалы: Табысыңызды өзгелерге көмектесу үшін қалай пайдаланасыз? Қандай экономикалық жаңашылықтар енгізесіз? Қанша адамдарды жұмыс орнымен қамтамасыз етесіз? Қоршаған ортаға өндірістің зиян келтіруі мүмкін ба? Т.б.
  • Әлеуметтік кәсіпорныңызды қалайша іске қоспақсыз: Қашан ашыласыз? Жобаны іске асыратын адамдардың саны қанша және жасы нешеде? Кәсіпорныңызды қай жерде ашасыз? Т.б.
  • Қаржылық мәселелер: Кәсіпорынды ашу үшін ақшаны қайдан табасыз? Сізге пайданы не әкеледі? Қандай пайда таппақсыз, оны қалай жұмсайсыз? Т.б.
  • Әлеуметтік кәсіпорын - салық төлеуші болып табылады. Сол себептен, төлеуге тиіс салықтар жайлы міндетті түрде кеңес алыңыз.
  • Орыс тілінде берілген бизнес-жоспардың үлгісің мына жерде жүктеп алуға болады.

3. Тұтынушылардың сенімін жоғалтып алмас үшін, сіздің әлеуметтік кәсіпорныңыздың қызметі айтылған мақсаттар мен құндылықтарға сәйкес келуі тиіс.

4. Сіздің сататын тауарларыңыздың немесе көрсететін қызмет сапасы, бәсекелестеріңіз ұсынған ұқсас өнім/қызметтердің сапасынан төмен болмауы керек. Бағаға келгенде, ол да өнімдер мен қызметтердің нарықтық бағасына қарағанда, едәуір төмен немесе жоғары болмауы керек.

5. Өзіңіздің еріктік қалау мен серпіндеріңізді нақты жобадан айқын бөлгеніңіз дұрыс. Егер сіз әлеуметтік кәсіпкерлікпен айналысуға шешім қабылдасаңыз, тек қана өз шамаңызға сәйкес, алдағы 2-3 жылға жоспарланып, шынымен берілгеніңіз дұрыс болар.

6. Егер сіз өндіріс саласындағы әлеуметтік кәсіпорын құруға ниетті болсаңыз, онда назарыңызды өнімді өндіру үшін қандай құжаттар керек екенін, сертификаттаудың қандай талаптары бар екенін анықтап алыңыз. Тауарлардың кең өндірісін бастамай тұрып, барлық ықтимал мәселелерді анықтап, достарыныздың арасында бағалау үшін, сынақтық тираж  шығарыңыз. Содан кейін барып қана сертификаттауға дайындала бастаңыз.

7. Біріншіден, сіз, осы идеяны жүзеге асыру жолында қаншалықты  алысқа  баруға дайындығыңызды анықтау қажет. Кәсіпорынға өзіңізге және отбасыңызға залал тиметіндей, қаншалықты қаражат салуға әзірсіз, осыны анық түсіну қажет. Бір жыл шамасында пайдасыз отыруға дайынсыз ба? Егер осы мәселелердің барлығы шешілген болса, әлеуметтік кәсіпкерлер айтпақшы, ештеңеден қорқу қажет емес, бәрі де қолыңыздан келеді!

8. Өз-өзін дамыту мен қызметкерлердің кәсіби дамуына қолдау жасаған өте маңызды болып табылады.

9. Мұқтаж адамдардың барлығына көмек көрсету мүмкін емес, сондықтан ондайға тырыспай ақ, нақты мәселені шешуге назар аударыңыз. 

10. Әрқашанда заңнамаға енгізілен өзгерістерді біліп отырыңыз. Заңды білмеушілік  қиындық туғызып, тәуекелдерді күшейтуі мүмкін.

11. Кәсіпорынды бастамас бұрын, жағдайыңызға сәйкес, бизнес-жоспарлау, қаржы және бухгалтерлік есеп, адам ресурстарын басқару және маркетинг сияқты салаларда ықтимал курстар / тренингтер өткеніңіз дұрыс болар.

12. Егер мүмкін болса, әлеуметтік кәсіпкерлік саласындағы білімі мен тәжірибесін алу үшін тәлімгермен бірег жұмыс істеңіз. Тәлімгер ретінде ағымдағы әлеуметтік кәсіпкер, бағдарлама жеделдету немесе коммерциялық сектордың сарапшылары, қатысушылар болуы мүмкін.