«Ағылшын тілінен үздік видео сабақ» байқауының мақсаты - Британдық Кеңестің интернет-ресурстарын қолдана отырып, барлық сынып оқушыларының мектеп бағдарламасына енетін сапалы видео сабақтар түсіру:
Байқау Қазақстанның бастауыш және орта сыныптарының ағылшын тілі пәні мұғалімдері арасында өтеді. Маңғыстау және Атырау облыстарының мұғалімдеріне ерекше назар аударылады.
Байқауға тіркелген барлық қатысушылар Ұлыбританияның сарапшы мамандары жүргізетін вебинарға қатыса алады. Вебинардың негізгі мақсаты мұғалімдерге ағылшын тілінде сапалы видео сабақты қалай дайындау керектігін көрсету және үйрету. Тренингте мұғалімдерге видео сабақтарды жақсартуға қатысты кеңестер алады. Мұғалімдер вебинарда алған білімдері мен дағдыларын жеке видео сабақтарды дайындау барысында қолдана алады.
Қазылар алқасы үздік видео сабақтарды түсірген он финалистіні үш географиялық ерекшеліктері бойынша анықтайды:
- 1 санат: Атырау облысы
- 2 санат: Маңғыстау облысы
- 3 санат: Қазақстанның басқа аймақтары
Финалға жолдама алған 30 қатысушы Ұлыбританияның таңдаулы мамандары жүргізетін онлайн-тренингтерге қатысады. Тренингте мұғалімдерге видео сабақтарды жақсартуға қатысты кеңестер алады.
Қатысу шарттары
- Ағылшын тілінде онлайн өтінімді толтыру: Application Form 2020 жылдың 30 шілдесі, Нұр-Сұлтан уақытымен 23.59 сағатқа дейін жалғасады.
- Байқауға шақырту алып, сапасы жоғары өнім дайындауды үйрететін британдық сарапшы маманмен өтетін вебинарға қатысу.
- Таңдаған тақырыпқа байланысты видеосабақ түсіріп, оны YouTube желісіне жүктеп, мына поштаға жіберу: Aina.BaImukanova@kz.britishcouncil.org. Хатта «Байқау» белгісін қоюды ұмытпаңыз.
- Байқаудың жеңімпазы британдық мамандар әзірлеген видео сабақты дайындау бойынша арнайы үздік курстан өту мүмкіндігіне ие болады, ноутбук табысталады.
Байқауға қатысудың ұтымды тұстары
- Қазақстандағы мұғалім-видеомейкерлердің үздік отыздығынан көріну
- Ұлыбританиялық сарапшы маманмен өтетін эксклюзивті тренингке қатысу
- Қазақстан бойынша пайдаланатын видео сабақтардың авторы болу
- Кәдесый ұтып алыңыз - ноутбук, планшеттер, құлаққаптар мен веб-камералар
Үміткерлер онлайн өтінімді 2020 жылдың 31 тамызы, Нұр-Сұлтан уақытымен 23.59 сағатқа дейін жіберілуі қажет