Қазақстандағы Британдық Кеңес Creative Producers бағдарламасының екінші жылының ашылуын хабарлайды. Бағдарлама Орталық Азия елдерінде креативті продюсерлікті дамытуға бағытталған. Былтыр бағдарлама нәтижесінде қатысушылар жобалар мен өнер саласындағы коллаборацияға арналған Styqтәжірибе платформасын ашты.
Бағдарламаға қатысуға бұл салада 3 жылдан кем жұмыс істеген креативті продюсерлер, арт-менеджерлер мен мәдени алаңдардың әкімшілері, сонымен бірге шығармашылық мамандық өкілдері, яғни суретшілер, фестивальдар кураторлары мен ұйымдастырушылары, театр сыншылары мен драматургтер, режиссерлер, бишілер, музыканттар мен мәдени жобаларды ұйымдастыруда тәжірибесі бар адамдар шақырылады. Сонымен бірге біз жобаларды ұзақ мерзімді қолдауға, Қазақстанда креативті продюсерлерді қалыптастыруға қызығушылық танытатын серіктестер іздейміз.
Бағдарлама кезеңдері:
- Ұлыбританиялық тьюторлармен Алматыда шеберлік сабақтары;
- жоба дайындау, әрі қарай жүзеге асыру үшін бағдарламаларды талқылауға жіберу (топтар шеберлік сыныптарға қатысушылардан құрылады);
- сәтті жобаларды жүзеге асыруға қаржылай көмек.
Бағдарламаға қатысу үшін үміткерлер Британдық Кеңес сайтындағы өтінішті 2020 жылдың23 қазанынадейінтолтыруыкерек. Өтініш Алматы қаласы уақыты бойынша 23:59-ға дейін толтырылуы қажет. Өтініштерді қарау мен қатысушыларды анықтау 2020 жылдың 26 қазан мен 5 қараша аралығында өтеді.