Үш баланың анасы Айзада Тыныбекова өзінің бұрыннан келе жатқан арманына жетіп, мектепке дейінгі балаларға арналған киізден кітап жасап шығарды. Қырғызстандық автор кітапты @Oinobook деп атады. Бұл кітаптар балаларға тек шағын моторикасын дамытып қоймай, қырғыз халқының мәдениеті, дәстүрімен жақынырақ танысуға мүмкіндік береді. 2019 жылы ол өз жобасын Big Idea Challenge-де таныстырып, жобаның Лондонда өтетін финалдық кезеңіне жолдама алды.
«Жасым 35-те, отбасым бар. Үш баланың анасымын. Соңғы төрт, бес жылда үй шаруасымен айналыстым. Дегенмен үйде отырып, бала тәрбиесінен ләззат алуға мінезім рұқсат бермеді. Негізінен осынау жауапкершілігі мол жұмыс маған алға жылжуға күш берді. Өйткені балаларымның дамуына қажет кітаптар іздедім. Іздей келе көптеген бала дамуына арналған қызық кітаптардың елімізде жасалмайтынын түсіндім. Сол кезде өзім де балаларға арналған әдебиет дайындасам болады ғой деген ой келді»
Айзада Big Idea Challenge жобасында қатысу оған тек жобасын іске асырып қоймай, өз күші мен біліктілігіне сенуге мүмкіндік ашты дейді.
«Бала күтіміндегі аналар мені жақсы түсінеді. Бұл жобаның арқасында мен өзімді қайта тапқандай, белсенділігіме қайта оралғандай сезінемін. Екіншіден, жобамның іске асырылуын егжей-тегжей жоспарлап, қай жерде қате жіберіп, нені ескеру керегін түсіндім. Үшіншіден, жолдасым екеуіміз көптеген жаңа адаммен танысып, жаңа білім жинап, англиялық сарапшылармен жұмыс істедік»
Бүгінде Айзада өзінің кіші Отанында «Намыс-Иссык-Куль» оқыту орталығын ашты, осылайша бала тәрбиесі мен біліміне өзіндік үлесін қосып келеді.
Ал біз сіздің де бұл жобаға қатысып, қаржылық және сарапшыларымыздың менторлық көмегін алуға мүмкіндігіңіз барын еске саламыз.