Creative Producers аясында жүзеге асырылып жатқан ‘STYQ эксперименталды платформасының негізін қалаушылардың бірі – Руслан Якупов жобаға қатысу оның шығармашылық пен кәсібіне қалай әсер еткені туралы айтып берді.
“Мен үшін Ұлыбританиядағы әріптестерімнің жұмысын өз көзіммен көру, бұған дейін жай ғана атын естіп жүрген фестивальдарға қатысу мүмкіндігі қызық болды. Сондай-ақ, уоркшоптан өту мүмкіндігі өте маңызды болды, өйткені бұған дейін бәрін жұмыс барысында бәрін үйренуге тура келетін және мен бұл салаға арнайы білімсіз келдім. Бұл кәсіби өсу мүмкіндіктерін түсіну үшін маңызды қадам болды”.
Руслан жоба соңында оның сенімділігі арта түсіп, креативті продюсер ретіндегі мамандығын игергенін ескерді.
"Сондай-ақ, Ұлыбританияға бару және біздің тәлімгер Энди Брайденмен жұмыс істеу мүмкіндігі де маңызға ие. Осы тәжірибеден кейін мүмкіндіктер көре бастадым, оған қоса өз жобаларымызды тек Алматымен шектемей, әлемде де белгілі бір орны барын түсіндім ", - деп атап өтті Руслан.
Бағдарлама нәтижесінде Руслан мен оның командасы ‘STYQ ашық эксперименталды платформасын іске қосты.
"Жоба кішкентай идеядан басталды. Бағдарламаға қатысқаннан бір жылдан аз уақыт өткенде біз алғашқы үлкен фестивальді ұйымдастыратынымыз мүмкін емес көрінді. Фестивальдің ең жарқын сәті - "Hatis Noit" хедлайнерінің келуі. Біз ол туралы - Манчестер қаласына сапарымызда алғаш рет естідік. Мен үшін Erased Tapes лейблінің негізін қалаушы Robert Raths-пен бірге жұмыс істеу мүмкіндігі де маңызды болды. Бұл кездесулер және олармен жұмыс істеу менің болашақ мансабым туралы ойымды өзгертуге әсер етті", - деп еске алады жоба қатысушысы.
Руслан сонымен қатар qazaq indie тәуелсіз музыкалық бірлестігінің негізін қалаушысы және жетекшісі, сондай-ақ "Трансформа" мәдени кеңістігінің арт-менеджері.
"Мен Алматыда туып өстім. Университет кезінде Ресейге көшіп, Қазақстанға оралуды жоспарламадым. 2017 жылы қазақтың баламалы музыкасы туралы деректі фильм түсіру идеясы үшін оралдым, жұмыс барысында бақылаушы рөлінен оқиғаларға қатысушыға дейін жеттім. Осы кезеңде qazaq indie-дің болашақ командасы жиналды және біз осы салада әрі қарай жұмыс істеуге бел будық. Мен жобаға толығымен кірісіп кеттім. qazaq indie әлеуметтік желідегі парақшадан толыққанды қоғамдастыққа дейін өсті.Біз концерттерді ұйымдастырумен айналысып, басқа суретшілермен және өнер бірлестіктерімен серіктес болдық. Трансформаға осылай келдік десек болады. Содан бері заманауи театрмен, перформанс-әртістермен және ақындармен тығыз жұмыс істеп келеміз. Дәл осында болашақ мультидисциплинарлық жобаның алғашқы идеясы пайда болды", - деп қорытындылады Руслан Якупов.
Creative Producers 2020-2021 биылғы қатысушыларымен осы сілтеме бойынша таныса аласыз.