By British Council

14 Желтоқсан 2020 - 15:54

Биыл онлайн форматта өткен FameLab конкурсының финалына Назарбаев Университетінің медицина факультетінің медицина ғылымдарының докторы (м.ғ.д) Шохиста Қадіржанқызы Қазақстанның атынан қатысты. Ол байқау туралы ақпаратпен бөлісті.

«FameLab - Cheltenham фестивальдері мен үшін бүкіл әлеммен пікір алмасу және идеялармен бөлісу мүмкіндігін беретін тамаша алаңға айналды. Оның үстіне, ол маған бүкіл әлемдегі FameLabbers деп аталып кеткен конкурстың  басқа да қатысушыларымен байланыс орнатуға мүмкіндік берді. Олардың барлығы аса талантты және өз ісінің жанашырлары. Олардың арасынан мен достарымды, пікірлестерімді және әріптестерімді таптым. Финалистер көп еңбек еткен тәжірибелі адамдар, сонымен бірге олар ғылымның барлық саласы бойынша керемет жұмыстар таныстырды. Мен үшін бұл шынымен өмірлік тәжірибе болды. Бағдарлама директоры айтқандай: «Бір рет Famelabber болғаннан кейін, сіз мәңгілік Famelabber болып қала бересіз».

Шохистаның айтуына қарағанда, шешуші танытымға дайындық қиын бола тұра өте пайдалы болған көрінеді. 

«Әдетте, осындай әлемдік деңгейдегі бағдарламаларға дайындық бірнеше айға созылады, тезистеріңізді бірнеше рет қайта қарап, тексеру туралы айтпасақ та болады. Материалымды финалға дайындауға уақытым шектеулі болды. Шынымды айтсам, мен финалистердің қатарына кіремін деп ойлаған да емеспін. Мен жартылай финалдан өте алмайтыныма 99% сенімді болдым. Финалистер қатарында екенімді естігендегі бақытымды айтып жеткізу мүмкін емес, дегенмен қорқыныш та басым болды. Басымда бір ой болды: «Мен мұны істей алмаймын» деп ойладым. Бірақ Global Finalist's тобы маған үлкен қолдау көрсетті. Бұған бар күшімді арнаудан басқа амал қалмады».

Ол Fame Lab алаңында үнемі жаңа идеялар туындайтын, әртүрлі пәндер бойынша білім мен зерттеу нәтижелерімен бөлісетін осынау іс-шараға қатысуды өте жоғары бағалайтындығын атап өтті.

«FameLab International қауымдастығына кіру маған әлемнің әр түкпір-түкпірінен жиналған ғалымдармен кездесуіме мүмкіндік берді. Олар менің жақын достарым, әріптестерім, тіпті менің зерттеуімнің екінші авторларына айналды. Бұл оқиға мені керемет шабыттандырды, батылдыққа итермелеп, мүмкін емес нәрсе жоқ екеніне сенімімді күшейте түсті».

Енді Шохистаның қызығушылықтары медицина мен ғылыми зерттеулермен тығыз байланысты.

«Әртүрлі зертханалардағы оқу және зерттеу жұмысым барысында мен қатерлі ісік этиологиясына қатысты мол тәжірибе жинадым. Мен қазір өзімнің клиникалық зерттеулерімді аяқтауға жақын қалдым және білімімді тереңдету үшін, одан да көп дағдылар үйрену үшін тоқ ішектің қатерлі ісігі туралы ғылыми жобамен айналысамын. Мен өз салам бойынша білімімді тереңдеткім келеді, өйткені медицинада білім ешқашан артық болмайды».

Елімізді танытқан қатысушымызды құттықтаймыз және оның кәсіби мансабында одан әрі сәттілік тілейміз!

Шохистаның видеосын осы сілтеме арқылы көре аласыз.