British Council мен GREAT Britain Campaign британдық шығармашыл ортаның көш басындағы өкілдерінің қатысуымен Шекспир туындыларының негізінде түсірілген қысқа метражды фильмдердің тұңғыш топтамасын шығарды.
SBTV түсірген, 5 қаңтарда шыққан «Он екінші түн» фильмінде британдық бес музыкант ойнайды. Жаңа мәтінді Maverick Sabre, Nego True, NoLay, Eyez және Mic Righteous сынды рэп-орындаушылар Шекспирдің «Он екінші түн» атты пьесасының сарыны бойынша жазған және ол қазіргі заманғы тыңдармандарға арналып өзгеше жазылған нұсқа болып табылады. Музыкалық негіз ретінде DJ Harry Love тобының түпнұсқасы пайдаланылған. Фильм аты аңызға айналған «Глобустағы» Sam Wanamaker Playhouse ғимаратында түсірілді.
«SBTV үшін ынтымақтасудың маңызы өте зор. Біз түрлі бағыттағы әртістердің басын қосамыз және норма деп саналатын дүниенің бәріне қарсы шығамыз. Шекспирдің пьесалары біз сөйлейтін тілде және біз көретін фильмдер мен шоуларда өзінің орасан зор мәдени ықпалын бүгінгі таңда да сақтап қалуда. Және де бұл орайда жаңа ұрпақ өкілдеріне Шекспирдің тілін түсіну кейде қиынға соғады. Осы олқылықтың орнын толтырып, жаңа ұрпақты Шекспирдің шығармашылық мұрасымен таныстыру үшін біз өзіміздің қазіргі замандағы сүйікті ақындарымыздың кейбіреуін шақырдық та, олар Шекспирдің ең құнды пьесаларының бірі «Он екінші түннің» жаңа нұсқасын жасады». (Джамаль Эдвардс)