2020 жылы наурызда Covid-19 пандемиясының салдарынан Қазақстандағы мектептер жабылуға мәжбүр болды, ал білім беру саласы тез арада онлайн форматқа көшті. Жоба тобы желіде тиімді жұмыс істеу үшін жаңа стратегия жасауға жиналды. Қазақстан бойынша мұғалімдерге жүргізілген сауалнамалар олардың қашықтан оқытуға деген қажеттіліктерін анықтады.

Ағылшын тіліндегі бейне сабақтар

Covid-19 пандемиясына байланысты ҚР Білім және ғылым министрлігі Қазақстандағы барлық оқу орындарын қашықтан оқытуға, ұлттық телерадиокомпаниялар мен интернет-провайдерлер платформалары арқылы бейне сабақтарын таратуға көшті. Алғашқы видеосабақтар қысқа мерзімде жазылғандықтан, министр Асхат Аймағамбетов провайдерлерді мектеп оқушылары үшін келесі бейне сабақтардың сапасы бойынша жұмысты күшейтуге және мультимедиялық ресурстарды қоса пайдалануға шақырды.

Мұғалімдерге және министрліктің бастамасына қолдау көрсету мақсатында біз Атырауға Солтүстік Каспий Оперейтинг Компаниясының (NCOC) «Ағылшын тілін қашықтан оқыту» жобасының тәжірибелі мұғалімдерін  шақырдық және алты минуттан тұратын он ағылшын тілі видео сабағын жаздық. Әрбір бейне мектепте оқыған бір тақырыпты қамтиды және Британдық Кеңестің білім беру сайттарының біріндегі тақырыптық интернет-ресурстарға сәйкес келеді. Бейне оқу құралдары қатысушыларға арналған ресурстарды немесе тапсырмаларды көрсетеді және тапсырмаларды қалай дұрыс орындауға болатындығын түсіндіреді. Барлық пилоттық видео сабақтар мұғалімдерге тестілеу және бағалау үшін YouTube-ке жүктелді:

English for Success_ Grammar_Conditionals

English for Success_Vocabulary_My favourite clothes

English for Success_Grammar_Past Simple

English for Success_Vocabulary_Holidays

English for Success_ Vocabulary_Health

English for Success_Vocabulary_My favourite clothes 2

Вебинарлар

Қазақстан үкіметі COVID-19 пандемиясына байланысты білім беру мекемелерін уақытша жауып тастағандықтан, біз онлайн оқытуға көшіп, алты топқа жіктелген мұғалімдерге арналған шынайы уақыттағы вебинарлар сериясын ұсындық:
 
• CLIL тобы
• STEM 1 тобы 
• STEM 2 тобы
• STEM 3 тобы
• Ағылшын тілі 1 топ
• Ағылшын тілі 2 топ
 
Вебинарлар жаратылыстану ғылымдарының (STEM) және ағылшын тілі мұғалімдерінің одан әрі кәсіби дамуын қамтамасыз етуге арналды. Вебинар бағдарламасы мұғалімдердің мектепте сабақ беретін пәні бойынша практикалық сабақтарды жоспарлау және өткізу арқылы джигсо техникасын қолдану арқылы практикалық дағдыларын дамытуға бағытталған. Тренинг барысында мұғалімдердің 5E оқыту моделін қолдануға деген сенімін дамытуға және осы оқыту моделін бірқатар оқыту эпизодтарына қалай біріктіруге болатындығына баса назар аударылды. Вебинарлар топтамасы топтық жұмыс, қарым-қатынас пен ойлау қабілеттерін дамытуға бағытталған.