Бұл модульде оқушылар қоғамдық көпірді жөндеумен немесе ауыстырумен айналысатын компаниядағы кеңесші инженерлердің рөлін ойнайды. Олар күштердің табиғаты, тартылыс туралы және орнықты құрылма жасау үшін осы күштерді қалай теңгеруге болатыны жайлы мағлұмат алады. Ұжымда жұмыс істей жүріп, оқушылар көпірдің үлгісін жасайды және жергілікті тұрғындарға көпірдің қай жерде тұрғызылатынын және оның құрылмасының неліктен дәл осындай екенін түсіндіретін презентация жасайды.