Yinka Danmole

Studio Danmole, креативтік директоры, Бирмингем

Инка Данмоул – өнер мен сәулеттің тоғысында жұмыс істейтін лондондық дизайнер. Оны адамдар мен локациялардың өзара әрекеттесуі және өзара қарым-қатынасы бәрінен көбірек қызықтырады. Инка – Лондондағы дизайн мұражайы 2017 жылы ұйымдастырған дизайнерлерге арналған резиденцияға қатысушылардың бірі. Өзінің тәжірибесі шеңберінде ол сондай-ақ тіл және жасампаздық сияқты әлеуметтанушылық құбылыстарды зерттейді. Инка резиденция кезінде жасаған жұмысының нәтижелерін бейнелейтін интерактивтік дыбыстық инсталляцияны назарға ұсынады. Ол өнерге,  технологияларға және ғылымға белсенді түрде қызығушылық танытады және Ұлыбритания, Бирмингемдегі BoM (Birmingham Open Media) галереясының басқарма мүшесі болып табылады.