John Peto

Nerve Centre, білім беру мәселелері жөніндегі директоры, Дерри/Лондондерри

Джон Пето –Nerve Centre орталығының білім беру мәселелері жөніндегі директоры. Солтүстік Ирландияның мектептері мен қоғамдастықтарында цифрлық жасампаздықты қолдау жөніндегі бірқатар жобалармен шұғылданады. Джон кино- және телеөндіріс саласында білім алды. Солтүстік Ирландияда тұңғыш Fablab лабораториясын құруға, сондай-ақ Nerve Centre Креативтік оқыту орталықтары ұйымдастырған педагогтар мен студенттерге арналған ірі білім беру бағдарламаларының жұмысына жетекшілік етті. Teaching Divided Histories жобасы шеңберінде жанжал жағдайындағы қоғамдарға арналған оқыту бағдарламасын ендіру және іске асыру үдерісінде алғашқылардың бірі болып цифрлық креативтік медианы пайдаланды. Қазіргі кезде Ливан мен Иракта жанжал жағдайлары және адам құқықтары бойынша оқыту жобаларына жетекшілік етеді, сондай-ақ Ирландия мен Ұлыбританияда жұмыс істейді.

Kate Stewart

Leonora Thomson

Уэльстің жаңа Музыкалық қоры, бас атқарушы директоры міндеттерін атқарушы, Кардифф 

2015–2019 жылдары Уэльс Ұлттық операсының – Уэльс, Ұлыбританияда және шетелде өнер көрсететін орындаушылық өнер саласындағы елдің жетекші компаниясының басқарушы директоры болған. Оған дейін жеті жыл бойы Barbican Centre аудитория және даму мәселелері жөніндегі директоры болған.

Одан бұрынырақ Леонора Лондонның Полиция қызметінде, сондай-ақ BBC және EMI Classics коммуникация бөлімдерінде жұмыс істеді.

Бұдан басқа, ол Батыс Лондондағы Илинг ауданында балаларға білім беру және қызмет көрсету саясатының мәселелерімен шұғылданды, одан кейін Кеңес жетекшісінің орынбасары және жетекшісі қызметін атқарды.

Martin Smith

Mel Larsen

Mel Larsen & Associates, негізін қалаушы, Лондон 

Мэл Ларсен 30 жылдан астам уақыт  өнер саласындағы аудиторияны дамыту аясында жұмыс істейді. Ол ұйымдарға және жеке адамдарға көздеген мақсатын нақты көруге және шабытын стратегияға айналдыруға көмектеседі, ал бұл өлшенерлік нәтижеге алып келеді. Мэл алуан түрлі елдер мен аймақтарда, соның ішінде Ресей, Австралия, Жаңа Зеландия, Гана, Кариб аралдары, Шығыс Еуропа, Нидерланд, Скандинавия мен ОАР-да тренингілер өткізді, сөз сөйледі және консультациялар берді.  Англияның Өнер жөніндегі кеңесі жарыққа шығарған арт-амбассадорлармен жұмыс жөніндегі нұсқаулықтың авторы және Open Up: Museums For Everyone кітабының бірлескен авторы, сондай-ақ Лондонның оңтүстік аудандарының қоғамдастықтары базасында ұйымдастырылған бірқатар табысты фестивальдің, соның ішінде оған боро Ламбет азаматтық наградасын әкелген Streatham Festival іс-шарасының негізін қалаушы болып табылады. 

Nana Yu-I Lee