WASPS, бас атқарушы директоры, Эдинбург
Одри Карлин – креативті секторға арналған жоғары сапалы қолжетімді студиялық, офистік және жұмыс кеңістіктерінің Ұлыбританиядағы аса ірі провайдері саналатын Wasps компаниясының бас атқарушы директоры. Wasps сөзі Workshop and Artists’ Studio Provision Scotland сөздерінің бастапқы әріптерінен жасалған және 900 өнер, креативті индустрия және мәдениет қайраткерлеріне қызмет көрсететін әлеуметтік кәсіпорын. Wasps ұйымының ірі қалалардан бастап ауылдық аудандар мен аралдарда орналасқан Шотландияда 20 офисі бар.
Одри – қала құрылысы жөніндегі сертификатталған маман. Осы салада 27 жыл жұмыс істеді және 50 млн фунт стерлинг сомасына қоғамдастықтарды қайта өркендету бойынша жобаларды іске асырды. Wasps жұмысының елеулі бөлігі бос тұрған тарихи ғимараттарда шеберханаларды жабдықтауға және олардың негізінде мәдени әлеуметтік кәсіпорындарды құруға арналған.
Корольдік өнер колледжі, коммуникация факультетінің деканы, Лондон
Д-р Ратна Раманатан – дизайнер-график,тарихшы және интермәдени коммуникация және баламалы баспа тәжірибелері жөніндегі маман. Халықаралық пәнаралық командаларда жұмыс істейді және сонымен қатар BBC World (хинди және бенгал тілі), British Council, UNICEF India, Дүниежүзілік банк, сондай-ақ Tara Books және Harvard University Press баспаларына арналған жобалар бойынша ғылыми, дизайнерлік және коммуникациялық жұмыстарға жетекшілік етеді. Өзінің жұмыстарында қалалық және мәдени мұра, соның ішінде материалдық(мұрағаттар) және материалдық емес мұраның өзектілігі, ауыл халқының/тайпалардың креативтік қиялының әсерімен қарағандағы қалалар, адамдардың, саясаттың және локацияның арасындағы өзара әрекеттестік сияқты тақырыптарды көтереді, сонымен қатар жойылу қатері төніп тұрған Үндістанның мұрасымен жұмыс істейді.
The Space, бас атқарушы және креативті директоры, Лондон
Фиона – музыкалық және арт-продюсер. 25 жылдан астам уақыт бойы әр түрлі бағдарламаларға продюсерлік қызмет етіп келеді. Мансабының басым бөлігін инди-музыка секторындағы жұмысқа арнады, сондай-ақ BBC Music арнасында алты жыл жұмыс істеді. Әр түрлі марапатқа номинацияланып, Prix Italia, Emmy, Grammy және BAFTA сияқты сыйлықтарға ие болған көптеген фильмге, концерттік, деректі және ойын-сауық бағдарламаларына продюсерлік етті. Ұлыбританиядағы мәдени ұйымдармен жұмыс жасау саласында мол тәжірибесі бар. Көптеген ұйымға, соның ішінде Англияның Өнер жөніндегі кеңесіне және Ағылшынның ұлттық операсына өнер және цифрландыру мәселелері жөнінде кеңес береді. Климаттың өзгеруіне бейімделу саласында жұмыс істейтін Cape Farewell қайырымдылық ұйымының төрайымы болды. Қазіргі уақытта Корнуоллдағы Мұражайлар әріптестігінің төрайымы.