Біздің клиенттеріміздің, қызметкерлеріміздің және біз жұмыс істейтін қауымдастықтардың денсаулығы мен әл-ауқаты British Council-дың басымдылығы болып табылады.
Білім беру саласындағы ұйымдардың жұмысына қатысты карантиндік шаралар ережелерінің өзгеруіне байланысты British Council төменде көрсетілген IELTS емтихандарын тоқтатуға мәжбүр болды:⠀⠀
7 және 14 тамыздың барлық емтихан сессиялары, соның ішінде 3 тамыздан бастап барлық Speaking тестілері.
British Council бұл тест сессияларына тіркелген барлық үміткерлермен тест тапсырудың ықтимал жолдары туралы кеңес беру үшін e-mail арқылы хабарласады.⠀
Біз мүмкіндігінше тезірек тестілеуді бастау үшін қолдан келгеннің бәрін жасаймыз және сіздің әл-ауқатыңызға бірінші кезекте назар аудара отырып, емтихандарды жоғары деңгейде өткізу бойынша міндеттемелерімізді орындауға дайынбыз.⠀
Егер сіздің тестіңіз аталмыш күндер аралығына түссе, емтихан күнін өзгертуге құқығыңыз бар. Ол үшін келесі әрекеттерді орындауыңызды сұраймыз:
- 11-31 тамыз аралығындағы қажетті тестілеу күнін таңдаңыз.
- Өз емтихан форматын (компьютер немесе қағаз) және модульді (Academic немесе General Training) таңдағаныңызға көз жеткізіңіз.
- Мұнда жаңа тестке тапсырыс беріңіз және тіркеу үшін төлем жасамаңыз. Сіз бұл тест күні тапсырыс берілгені және төленбегені туралы хабарлама аласыз. Бұл тіркеуді төлеудің қажеті жоқ.
- Мына тіркеу формасын толтырыңыз. Онда сіздің атыңызды, тегіңізді, қолданыстағы электрондық поштаны, алдыңғы тіркеу нөмірін және жаңа тіркеу нөмірін көрсету қажет.
- Жаңа тіркеу жойылады да, біз сіздің алдыңғы тіркеуіңізді жаңа күн мен уақытқа ауыстырамыз. Сіз өзіңіздің электронды поштаңызға емтиханның жаңа деректері туралы растау аласыз.
Егер сіз тест тапсыруға қызығушылық танытпасаңыз, біз сізге толық қаражат қайтаруды ұсына аламыз.
- Егер сізге ақшаны қайтару талап етілсе және сіз онлайн төлеген болсаңыз (тіркеу барысында төлем картасының көмегімен), осы сілтеме бойынша ақшаны қайтару нысанын табыңыз.
- Егер сізге ақшаны қайтару қажет болса және сіз оны банктік аударым арқылы төлесеңіз, төмендегі бірнеше форманы толтырып, осы поштаға жіберіңіз: info@kz.britishcouncil.org
- Банк деректемелерімен қатар қаражатты қайтаруға немесе тест күнін ауыстыруға өтінім нысаны
- Тест тапсырушы үміткердің жеке куәлігінің көшірмесі
- Сенімхат нысаны, егер бар болса, емтиханға төленген ақшаны үшінші тұлғаның банк шотына аударуға келісетініңізді растайды
Біздің басты басымдығымыз - сіздің денсаулығыңыз бен қауіпсіздігіңіз. Түсінгеніңіз үшін рахмет.
British Council Kazakhstan