Бейсенбі 30 July 2020
29 шілдеде Британдық Кеңес ресми парақшаларында онлайн режимінде Қазақстан мен Қырғызстандағы Creative Spark Big Idea Challenge 2020 байқайуының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.
 
Британдық Кеңес өзінің күш - жігерін Лондон Метрополитен университетімен (Ұлыбритания) 2020 жылы ең үлкен бейне презентациялар байқауы - Creative Spark Big Idea Challenge өткізу үшін біріктірді.
 
Жылдан жылға байқау мыңдаған жастарға (18 жастан 35 жасқа дейін) өздерінің бизнес-идеялары мен кәсіпкерлік дағдыларын дамытуға мүмкіндік береді. Бұл платформа сонымен қатар жас кәсіпкерлерге өздерінің беделін арттыруға және мансаптық перспективаларын жақсартуға көмектеседі, әсіресе қазір жастар арасындағы жұмыссыздық үлкен проблемаға айналуда және Covid-19 пандемиясы бүкіл әлемде экономикаға теріс әсер етті.
 
Осылайша, іріктеу және дауыс беру қорытындысы бойынша Қазақстанда қазақ фольклорлық музыкасын дамытуға бағытталған Мартебе Абидилдының «More Than Music» жобасы үздік деп танылды. More than Music жобасы Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясы және Қазақстан-Британ Техникалық Университетінен ұсынылды.
 
«Менің идеям - концерттік дәрістер ұйымдастыру арқылы адамдарды қазақ халық музыкасымен таныстыру. «Музыкадан артық» концерт-дәрісіне үш тілде: қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде ойын, көрсету, түсіндіру және оқыту кіреді. Концертке билет сатып алып, көрермен тек шабыт алып қана қоймай, домбырада ойнауды да үйренеді. Бүгін, біздің қиын өмірімізде, адамдарға рухани байытуды жақсартуға көмектесу жақсы идея екеніне сенімдімін», - деп бөлісті Мартебе Абидилды.
 
Жеңімпаздарды корпоративтік білім беру және шығармашылық кәсіпкерлік саласында тәжірибесі бар ұлттық және халықаралық судьялар алқасы таңдады. Жеңімпаздар өздерінің бизнес-идеяларын жүзеге асыру үшін 2000 фунт стерлингке дейін алады.
Мұрат Кенебаев пен Айбек Нұртаевтың "SmartDoc" жобасы ашық дауыс беру арқылы «Халық таңдауы» санатында халықаралық жеңімпаз болып таңдалуы аса маңызды болып табылады. Дауыс беруге 80 000-нан астам адам қатысып, көпшілігі осы жобаға дауыс берді. «SmartDoc» жобасы медициналық қызмет көрсету саласын дамытуға бағытталған және Алматы Менеджмент университетімен ұсынылған.
 
«SmartDoc - бұл клиникалар, пациенттер және сақтандыру компанияларына арналған платформа. Біздің мақсатымыз - Қазақстандағы медициналық қызмет көрсету сапасын жақсарту. Біздің платформаны қолданатын әрбір пациент үлкен артықшылықтарға ие болады, мысалы: бір жерде денсаулық туралы мед. карта, уақытында қажетті тексерулерден өту туралы ескерту, дәрі қабылдау уақыты трекері және ең бастысы - онлайн режимінде өз дәрігерімен сөйлесу. Қазіргі уақытта біз мобильді қосымшаның прототипін жасап, бірнеше клиникаларға көрсеттік, олар backend - ті аяқтайтынымыздан кейін ынтымақтасуға дайын», - деді Мұрат Кенебаев.
 
Айта кетейік, байқау Армения, Әзірбайжан, Грузия, Қазақстан, Қырғызстан, Украина және Өзбекстанда 2020 жылдың 2 наурызы мен 19 шілдесі аралығында өтті. Шорт-параққа 110 жоғары оқу орындары мен шығармашылық ұйымдар қолдаған 500-ге жуық жаңа бизнес-идеялар кірді. Жас кәсіпкерлер үш санат бойынша жарысты: сандық технологиялар, әлеуметтік ықпал және креативті идеялар. Covid-19 - ға жауап ретінде Британдық Кеңес байқаудың қосымша бөлігін - «Пандемияға жауап ретінде инновация сыйлығын» ұсынды.
 
«Бүкіл әлемдегі экономиканы ынталандыруға және жастар арасындағы жұмыссыздықты жеңуге көмектесетін инновациялық бизнес идеяларына деген осындай үлкен қажеттілік ешқашан болған емес. Британдық Кеңесте біз әлемге үлкен үлес қоса алатын студенттерді, түлектерді және кәсіпкерлерді қолдауға қуаныштымыз. Әрбір бесінші идея Covid-19 - бен байланысты болғандықтан, біз жеңімпаздарға жаңа бизнес бастауға және армандарын жүзеге асыруға көмектесу үшін осы бағытта қаржыландыру беруге қуаныштымыз», - Ричард Эверитт, Британдық Кеңес Wider Europe білім беру директоры.
 

Notes to Editor

Қосымша сұрақтар бойынша: 

Данияр Дүймағамбетов, Қазақстандағы Британдық Кеңес, тел:+7  701 765 05 10;

e-mail: daniyar.duimagambetov@britshcouncil.org

Наргиз Каиргазиева , Қазақстандағы Британдық Кеңес, тел:+7 702 899 55 53;

email: nargiz.kairgaziyeva@britshcouncil.org

About the British Council

Creative Spark - бұл Біріккен Корольдіктің қолдауымен жеті елде, соның ішінде Орталық Азияда (Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстанда), Оңтүстік Кавказда (Әзірбайжан, Армения, Грузияда) және Украинада кәсіпкерлік машықтарды және креативті экономиканы дамыту мақсатымен халықаралық университеттерге қолдау көрсету және халықаралық әріптестіктерді дамыту жөніндегі бес жылдық бастама. Осы жеті елде жоғары білім беру саласындағы реформаларды қолдау және жұмысқа орналастыру проблемасын шешуге жәрдемдесу үшін біз кәсіпкерлік саласында білім беруді дамыту үшін Біріккен Корольдіктің тәжірибесін пайдаланамыз. Осылайша біз бағдарламаның бірінші жылының ішінде 10 000 студент пен жас кәсіпкерге қолдау көрсетеміз.

British Council - өнер мен мәдениет, білім және ағылшын тілі арқылы Ұлыбритания мен басқа елдердегі адамдар арасындағы қарым-қатынас, түсінушілік пен сенімді қалыптастырады. Біз мақсатымызды екі жолмен жүзеге асырамыз - адамдармен тікелей жұмыс істеу арқылы олардың өмірлеріне жағымды өзгерістер енгіземіз, және болашақта бүкіл әлемдегі миллиондаған адамдарға пайда әкелетін ауқымды әрі ұзақ мерзімді өзгерістерге қол жеткізу үшін үкімет өкілдерімен және серіктестермен жұмыс жүргіземіз. Біз жастарға өз әлеуетін жүзеге асыруға және ықпалды, инклюзивті қоғамдастықтардың мүшесі атануға мүмкіндік беретін дағдыларды, сенімділік пен байланыстарды қалыптастыруға жәрдемдесеміз. 2019-2020 жылдар аралығында біз 80 миллион адаммен тікелей қарым-қатынас жасап, барлығы 791 миллион адамды қамтыдық, соның ішінде Интернет, теледидар және радио хабарлары мен басылым көздерін атап өтуге болады. Біз Қазақстанда 1994 жылдан бері жұмыс істеп келеміз.