13 – 21 мамыр аралығында Алматыдағы Еуропалық мәдениет институттарының қоғамдастығы (EUNIC Алматы) Еуропа деректі кино апталығын өткізеді.
Апталық аясында Австрия, Мажарстан, Германия, Испания, Италия, Латвия, Норвегия, Польша, Ұлыбритания, Франция, Швейцария және Эстония қатарлы 12 ел көрермен қауымға өз фильмдерін ұсынады. Фильмдер түпнұсқа тілде және орыс тіліндегі субтитрмен көрсетіледі.
Билет құны: 200 теңге. Билеттерді сіздер «Цезарь» кинотеатрының кассаларынан сатып алуыңызға болады.
Күні мен уақыты | Фильм | Ел | Жас бойынша шектеу |
13 мамыр сағат 19.00 | Vándorúton Ázsia szívébe | Мажарстан | 12 жастан асқан |
14 мамыр сағат 15.00 |
Teatro alla Scala. The Temple of Wonders |
Италия | 6 жастан асқан |
14 мамыр сағат 19.00 | 2 oder 3 Dinge, die ich von ihm weiß | Германия | 18 жастан асқан |
15 мамыр сағат 17.00 | Gergiev – a certain madness | Швейцария | 6 жастан асқан |
15 мамыр сағат 19.00 | Prāta vētra: starp krastiem | Латвия | 12 жастан асқан |
16 мамыр сағат 19.00 | Pripyat | Австрия | 16 жастан асқан |
17 мамыр сағат 19.00 | Comment j'ai détesté les maths | Франция | 12 жастан асқан |
18 мамыр сағат 19.00 | Til ungdommen | Норвегия | 16 жастан асқан |
19 мамыр сағат 17.00 | Arvo Pärt - isegi kui ma kõik kaotan | Эстония | 16 жастан асқан |
20 мамыр сағат 19.00 | Amy | Ұлыбритания | 18 жастан асқан |
21 мамыр сағат 15.00 | Los olvidados de Karaganda | Испания | 16 жастан асқан |
21 мамыр сағат 19.00 | Królik po Berlińsku | Польша | 16 жастан асқан |
«Эми» кинофильмінің көрермендеріне арнайы афтер-пати
Алматылық D.O.M. мейрамханасында сағат 21.00 – 00.00 уақыт арасында британдық «Эми» кинофильмінің көрермендеріне арнайы афтер-пати өткізіледі. Осы сауық кеште сіздер фильм туралы өз ой-пікірлеріңізбен бөлісуге, Эми Уайнхаустың музыкасын рақаттануға және жалпы жұма кешін жақсы өткізуге мүмкіндік аласыз.
EUNIC Almaty туралы
EUNIC – Еуропалық Одаққа мүше елдердің халықаралық мәдени ұйымдарының қоғамдастығы. EUNIC Алматы 2011 жылы құрылды. EUNIC өнер, білім, мәдениетаралық диалог және даму салаларында жұмыс істейді.