Ағылшын тілін білу деңгейіңді жақсартып, жүлде ұтып алғың келе ме?
LearnEnglish веб-сайтының материалдары бойынша онлайн-викторинаға қатыс!
Саған керегі:
1. LearnEnglish веб-сайтында тіркелу
2. LearnEnglish веб-сайтының материалдарын зерделеу (“Listen and Watch” бөлімі)
3. Викторинаның сұрақтарына жауап беру
4. Хаттың тақырыбын “LearnEnglish Quiz” деп көрсетіп, жауаптарыңды info@kz.britishcouncil.org электрондық поштасына жіберу
Викторинаның басталуы: 2016 жылғы 24 ақпан
Викторинаның аяқталуы: 2016 жылғы 06 наурыз
Викторинаның сұрақтарына дұрыс жауап берген барлық қатысушылардың арасында жүлделер – планшет пен смартфон ұтысқа салынады. Викторинаның нәтижелері әлеуметтік желілерде 2016 жылғы 17 наурызда жарияланады.
Қатысушыларға қойылатын талаптар:
1. Викторинаға Қазақстан мен Қырғызстанның жасы 14-ке толған және одан асқан азаматтары қатыса алады.
2. Қатысушы LearnEnglish веб-сайтында тіркелген болуға тиіс.
British Council ұйымының қызметкерлері және олардың туыстары викторинаға қатыса алмайды.
Жүлденің құны ақшалай берілмейді!
Викторинаға қатысу арқылы сіз Қатысу шарттарымен автоматты түрде келісесіз.
Қосымша ақпаратты info@kz.britishcouncil.org веб-сайтынан немесе +7 (727) 2442144 телефоны арқылы алуға болады