23 сәуір күні Алматыда белгілі француз стилист Пьер-Александр Фийердың көпшілікпен кездесуі болады.
Дәрістің тақырыбы: "Өз болмысын білдіру". 21-ші ғасырда адамдардың киімі мен мінез-құлқы 19-шы ғасырмен салыстырғанда қатты өзгерді, сондай-ақ біздің оны қабылдауымыз бен оған деген қатынасымыз да өзгерді. Аталған лекцияда эволюцияны Батыс Еуропадағы стиль тұрғысынан қарастыруға әрекет жасалады, бұл орайда қазіргі заманғы еуропалық және америкалық зерттеулерге, соның ішінде Ролан Барт пен Тед Полемустың еңбектеріне баса назар аударылатын болады.
Дәріс француз тілінде жүреді және аудармасы жасалып отырады.
Өтетін жері: Grand Hall, BIYEN Conference Room, Almaty Towers, Байзақов көшесі, 280.
Уақыты: 14.30-15.50
Кіру тегін. Орын саны шектеулі болғандықтан тіркелу қажет. Осы іс-шараға тіркелу үшін сілтеме арқылы өтіңіз.
Пьер-Александр Фийер туралы
Тегі мен тәрбиесі бойынша француз болып табылатын тәуелсіз стильші Пьер-Александр Фийер өзінің айрықша қабілеті мен табандылығын қолдана отырып, сәнді ой елегінен басқаша тұрғыдан өткізуге ұмтылады. 2015 жылы леди Аманда Харлек пен Крис Саттонның көмекшісі болып орналасқан Пьер өзі үшін стильдің адамның бет-бейнесіне қалай әсер етіп, оның ішкі болмысын қалай паш ете алатынын ашты. Егер жарнама дайын сұлбаларды ұсынып, сәнді бір қалыпқа келтірсе, ал леди Харлек өзі сенім артатын тұлғаны қалыптастыру үшін шекараларды кеңейтеді. Онымен жұмыс істей жүріп Пьер адамның өзіне деген адалдығы оның жұмысының құндылығын арттыратынын түсінді.
Ол немістің Whitelies журналында мақала жариялады, сондай-ақ жас дизайнер KA WA KEY-дің 2016 жылғы күз-қысқа арналған топтамасының жарнамалық науқаны.
Париждің әйелдері өз болмысын тек киімнің ғана емес, сонымен қатар стильдің көмегімен де білдіре алады деген әсер қалыптасады.