Тіркеу аяқталды
2017 жылғы 27 маусымда Астанада Science Stars іс-шарасы өтеді, онда Қазақстанның, Испанияның, Норвегияның, Малайзия мен Солтүстік Ирландияның жас ғалымдары, ғылыми коммуникация саласындағы FameLab халықаралық конкурсының жеңімпаздары мен финалшылары өздерінің ғылыми идеяларын қалың көпшіліктің назарына ұсынады.
Қатысушылар үш минутта көрермендерге өздерінің ғылыми тұжырымдары туралы айтып береді, сондай-ақ FameLab халықаралық конкурсында өздеріне жүлделі орындарды жеңіп алуға көмектескен ақыл-кеңесін бөліседі.
Science Stars спикерлері ғылымның баршаға қызғылықты әрі түсінікті бола алатынын және болуға тиіс екенін дәлелдейді:
- Абхи Виракумарасивам (Малайзия)
Тақырыбы: “Superpower Genes”
- Альба Агуион (Испания)
Тақырыбы: “Swarm intelligence: what ants can teach us”
- Лилиан Сместад (Норвегия)
Тақырыбы: “What’s the matter with antimatter?”
- Эмер Магуайр (Солтүстік Ирландия)
Тақырыбы: “The science of flirting”
- Артур Саудабаев (Қазақстан)
Тақырыбы: "Looking for answers in biological networks: Systems Thinking."
- Дамель Мектепбаева (Қазақстан)
Тақырыбы: “Rasicm in cells”
- Дана Ақылбековa (Қазақстан)
Тақырыбы: “Green world”
- Диас Арғандықов (Қазақстан)
Тақырыбы: "Zebrafish: a rising scientific star in medical research."
- Томирис Атажанова (Қазақстан)
Тақырыбы: "Why do men have nipples?"
Біз Science Stars іс-шарасына баршаңызды шақырамыз! Келіңіздер, сонда робот жасау, молекулалық биология, генетика, денсаулық сақтау саласындағы озық ғылыми зерттеулер туралы бірінші болып білесіздер.
Қалай қатысуға болады?
- Күні: 2017 жылғы 27 маусым
- Қайда: Назарбаев Университетінің Жоғары бизнес мектебі, Қабанбай Батыр даңғылы, 53.
- Уақыты: 19.30-21.00
- Кіру тегін, міндетті түрде тіркелу керек
- Іс-шара түгелдей ағылшын тілінде өткізіледі.
Іс-шараны Британдық Кеңес «Шеврон» компаниясының қолдауымен ұйымдастырады және ол «Астана ЭКПО-2017» халықаралық көрмесінің шеңберінде өтеді.
FameLab деген не?
FameLab – ғылыми коммуникация саласы бойынша әлемдегі ең ірі конкурстардың бірі. Қазақстанда FameLab конкурсын Британдық Кеңес «Шеврон» компаниясының қолдауымен 2015 жылдан бері өткізіп келеді. Конкурстың ұлттық сатысының жеңімпазы өзінің зерттеу жұмысын жалғастыру үшін ақшалай грант алады, сондай-ақ Қазақстаннан Ұлыбританияда халықаралық деңгейде өкілдік ету мүмкіндігіне ие болады.