FameLab жас ғалымдар мен инженерлерді қолдап, ынталандыра отырып, қоғам және мүдделі тараптармен белсенді қарым-қатынас орнату дағдыларын дамытуда.
Тиімді ғылыми коммуникация таптаурындарды өзгертуге, қызығушылықты арттыруға, сондай-ақ мемлекеттік қаржыландыруды ақтауға мүмкіндік береді.
Тарихы
Ұлыбритания – ғылыми коммуникация саласы бойынша алдыңғы қатардағы орталық, сондай-ақ ғылыммен айналыспайтын аудиторияны ғылымға қолжетімділікпен қамтамасыз ету бүкіл әлемдегі ғалымдар үшін тұрақты дамитын басымдық екенін мойындайды.
Халықаралық FameLab конкурсының финалы 2007–21 жылдар аралығында Ұлыбританияның Челтнем қаласындағы ғылым фестивалінде өткізілген. Әлемнің әр түпкірінен келген ұлттық конкурстардың жеңімпаздары ғылыми коммуникация саласындағы дағдыларын дәлелдеу мақсатында, өзге де белсенді ғылыми коммуникаторлармен талқылауға әрі ғылым саласындағы британдық мамандардан үйрену үшін фестивальға үйіліп келді.
FameLab құрылғаннан бастап ғылыми коммуникация саласы бойынша әлемдегі жетекші сайысқа айналды.
Британдық Кеңеспен серіктестік 2007 жылы басталды, одан әрі байқау жаһандық дәрежеге жетті. Байқау барысында 40-тан аса елден келген 10 000 жуық ғалымдар мен инженерлер бақ сынады.
FameLab Қазақстан
Британдық Кеңес Қазақстанда Chevron, OYLA және Ғылым қорымен серіктес бола отырып, FameLab ғылыми коммуникация байқауын өткізді.
Бес жылда Қазақстанның барлық аймағынан 400-ден аса жас ғалымның видео жұмысы келіп түсті. Жыл сайын он үздік қатысушы астанада екі күндік мастер-классқа қатысып, кейін FameLab Қазақстан жеңімпазы атағы үшін ұлттық финалда бәйгеге түседі.
Технология, инженерия, медицина, биология, химия, физика не математика салаларында жұмыс жасайтын немесе оқитын 21–40 жас аралығындағы кез-келген адам сайысқа қатыса алады.
Ұлыбританиядағы The Times Cheltenham ғылым фестивалінің халықаралық финалында Қазақстанның атынан қатысқан 2016–20 FameLab Kazakhstan жеңімпаздары:
- 2020: Нұрлан Сүлейменов (Халықаралық финалда Шохиста Исмаилова екінші қатысуші ретінде қатысты)
- 2019: Салима Давлидова
- 2018: Ғалымжан Тлеболдинов
- 2017: Артур Саудабаев
- 2016: Дана Ақылбекова
Материалдар
Төмендегі «Жүктеу» бөлімінен ғылыми коммуникация дағдыларын дамытуға арналған нұсқаулықты жүктеп алуға болады. Алты бөлімнен тұратын бұл әдістеме студенттерге ғылыми ақпаратты жеткізу үшін негізгі коммуникация дағдыларын дамытуға көмектесу мақсатында жасалған. Әдістеме мұғалімдер мен студенттер үшін дайындалған. Бұл материал студенттерге жекелей әрі мұғалімдерімен бірге жұмыс жасауға мүмкіндік береді.
Әдістеме ағылшын, қазақ және орыс тілдерінде PDF форматында жүктеу үшін қолжетімді.
Серіктестер
FameLab Kazakhstan байқауы Chevron Қазақстан қаржылық қолдауымен сонымен бірге «Ғылым қоры» ЖШС және OYLA ғылыми журналымен серіктестікте ұйымдастырылды. FameLab Халықаралық финалы Челтнем ғылым фестивалі (Cheltenham Science Festivals) және Британдық Кеңеспен бірге ұйымдастырылды.
- Cheltenham Festivals
Cheltenham Festivals – аталмыш қалада әлемге танымал джаз, ғылым, музыка және әдебиет фестивальдарын өткізетін қайырымдылық ұйымы. Жетік әрі шығармашылық бағдарламалардың арқасында Челтнемде өткен фестиваль Ұлыританияның мәдени өмірінде 1945 жылдан бері жетекші іс-шара болып келеді. - Chevron
Chevron – алдыңғы қатардағы әлемдік интеграцияланған энергетикалық компанияның бірі. Біздің жетістіктеріміз қызметкерлеріміз бен олардың адал жолмен нәтижелерге жету ұмтылыстарына негізделген. Олар жауапкершілікпен қызмет етіп, табысты өсімге арналған жаңа мүмкіндіктер мен инновациялық технологияларды қолданады. Chevron – Қазақстанға келген алғашқы ірі батыс мұнай компаниясы. Компания елімізді мыңдаған жұмыс орны және миллиард доллар инвестицияларымен қамтамасыз етуде. Сондай-ақ, Chevron жергілікті жұмыс күшін дайындап, шағын және орта бизнес пен жергілікті ұйымдарды қолдады. Chevron әлеуметтік инвестициялары өндірістік қуаттылық пен құбыр желілері секілді бизнесіміздің ажырамас бөлігі. Екіжақты пайда үшін әлеуметтік корпоративті жауапкершілікке бейімділігіміз берік және тұрақты нәтижеге бағытталған. - OYLA
OYLA – студенттер мен олардың ата-анасына арналған, Қазақстанда орыс, қазақ және ағылшын тілдерінде, Аустралия, Жаңа Зеландия, Үндістан, Солтүстік Корея және Еуропада өзге де тілдерде ай сайын шығатын танымал ғылыми журнал. Біздің контент STEM (Ғылым, Технология, Инженерия және Математика) қағидасына негізделіп, қолжетімді және қызықты жолдармен балаларға сыни ойлауды үйретуді мақсат етеді. - Ғылым Қоры
Ғылым қоры – нағыз экономиканың сұраныстарын бейнелейтін ғылыми және (немесе) ғылыми-технологиялық қызмет нәтижесінің коммерцияланған жобаларын, ғылыми зерттеулер мен тәжірибелік дамуды іске асыратын барлық ғылыми және (немесе) ғылыми-технологиялық субъектілерді қолдау үшін құрылған ұлттық агенттік.
Британдық Кеңес бағдарламадағы қызметін 2021 жылы тоқтатты, алайда FameLab ұйымдастырушылары өз жұмысын жалғастыруды көздеуде, сол себепті FameLab-тың болашағы туралы көбірек ақпарат алу үшін Cheltenham Festivals сайтына кіріңіз.