Date
Сенбі 19 Наурыз 2016 -
11:00 қа 19:00

19 наурыз, 11:00 - 19:00, VILLA Boutiques & Restaurants, Алматы.

Қазақстандағы British Council (Британдық кеңес) Ұлыбританиядағы fashion саласында білім беру ісімен таныстыру шеңберінде британдық мамандардың мастер-класстарына қатысу туралы өтінімдер қабылдайтынын жариялайды.

Fashion Education Showcase сән саласындағы мамандарға Қазақстандағы fashion саласында білім беру жағдайын талқылауға және британдық әріптестерімен тәжірибе алмасуға мүмкіндік береді. Біздің қазақстандық студенттерге, сондай-ақ жұмысын жаңадан бастаған және қалыптасқан мамандарға осы секторда кәсіби жағынан даму мүмкіндіктерін зерттеуде көмек көрсеткіміз келеді.

Іс-шарада жетекші британдық жоғары оқу орындары, бағдарламалар, сондай-ақ қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді курстар назарға ұсынылады.

ҚАТЫСУ ПІШІМІ МЕН ШАРТТАРЫ 

Мастер-класстар күні бойы өткізілетін болады. Олар берілген тақырып саласындағы мамандарға арналған. Қатысушылардың әрқайсысы кеңесшіге өз сұрақтарын жеке қоя алады. Сессиялар 20 адамнан тұратын топта өткізіледі. Advisory session ағылшын тілінде, аудармасыз өтеді. Мастер-класс сессияларына тіркелу қажет. Бағдарлама және тіркеу сілтемесі кейінірек жетімді болады. .

Мастер-класстармен бір мезгілде тұсаукесер дәрістер өткізіледі. Тұсаукесер дәрістер күні бойы өткізілетін болады. Тұсаукесерге университет туралы әңгімелеу, тақырыппен және кәсіппен қысқаша таныстыру, сондай-ақ сұрақ-жауап бөлімі кіреді. Тұсаукесер дәрістер ағылшын тілінде жүреді және аудармасы жасалып отырады, тіркелу қажет.