Қазақстандағы British Council (Британдық кеңес) Ұлыбританиядағы fashion саласында білім беру ісімен таныстыру шеңберінде британдық мамандардың шеберлік дәрістерін өткізді.
Fashion Education Showcase сән саласындағы мамандарға Қазақстандағы fashion саласында білім беру жағдайын талқылауға және британдық әріптестерімен тәжірибе алмасуға мүмкіндік берді. Біздің қазақстандық студенттерге, сондай-ақ жұмысын жаңадан бастаған және қалыптасқан мамандарға осы секторда кәсіби жағынан даму мүмкіндіктерін зерттеуде көмек көрсеткіміз келді.
Іс-шарада жетекші британдық жоғары оқу орындары, бағдарламалар, сондай-ақ қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді курстар назарға ұсынылды.
ҚАТЫСУ ПІШІМІ МЕН ШАРТТАРЫ
Шеберлік дәрістер күні бойы өткізілді. Олар берілген тақырып саласындағы мамандарға арналған болатын. Қатысушылардың әрқайсысы кеңесшіге өз сұрақтарын жеке қоя алды.
10.30 – 12.30 | «Сән дизайны» / Джаспер Чадпраджонг, Манчестер қалалық университеті |
12.30 – 14.30 | «Сән саласындағы байланыстар» / Стивен Уигли, Хаддерсфилд университеті |
14.30 – 16.30 | «Көрнекі зерттеу» / Руби Хоэт, Голдсмитс, Лондон университеті |
16.30 – 18.30 | «Жасампаздықпен киім пішу» / Джейн Смит, Хартфордшир университеті |
Шеберлік дәрістермен бір мезгілде тұсаукесер дәрістер өткізілді. Тұсаукесер дәрістер күні бойы өткізілетін болған. Тұсаукесерге университет туралы әңгімелеу, тақырыппен және кәсіппен қысқаша таныстыру, сондай-ақ сұрақ-жауап бөлімі кірді.
11.00 – 12.20 |
«Көрнекі зерттеу» - Лондон университетінің Голдсмитс колледжінде дизайннан сабақ беретін әрі сән бойынша магистрлік бағдарламаның жетекшісі болып табылатын Руби Хоэт өткізетін дәрісі. Аталған дәріс – мән-мағынаны ескере отырып, киім мен сән қағидаттарымен таныстыру. Негізгі тұрғы ретінде сәннің тарихи және заманауи көріністерін пайдалана отырып, Руби киімді алғаш рет таныстыру тәсілдері туралы айтып береді. |
12.30 – 13.50 |
«Сән дизайны» - Манчестер қалалық университетінің аға оқытушысы Джаспер Чадпраджонг өткізетін дәрісі. Дәрісте fashion-дизайн тұрғысынан естелік, кәсіп, салт-дәстүр және ұрпақтар сабақтастығы тақырыптары қозғалатын болады. |
14.30 – 15.50 |
«Киім пішу» - Хартфордшир университетінің аға оқытушысы Джейн Смит өткізетін дәрісі Томоко Накамичи, Джулиан Робертс және Шинго Сато сияқты XXI ғасырдың жетекші сәнгерлерінің еңбектерін үлгі ретінде ала отырып, жасампаздықпен киім пішу тәсілдерімен таныстыру және көрсету. |
16.00 – 17.20 |
«Сән саласындағы байланыстар» - Хаддерсфилд университетінің сән саласындағы байланыстардан сабақ беретін оқытушысы Стивен Уигли өткізетін дәрісі Сән саласындағы байланыстардың сипаты, мақсаттары мен іс-тәжірибесі туралы, осы бағытта оқып-үйрену мүмкіндігі мен мансап құру перспективалары туралы сөз болады. |