By IELTS Expert

29 June 2023 - 13:00

English Exams - mastering Writing, blog image

Тест тапсырушылардың басым көпшілігі  емтиханда жазу бөлімін ең күрделі деп санайды. Шын мәнісінде бұлай ойлау қисынсыз. Оқылым мен тыңдалым бөлімдерімен салыстырғанда, жазу барысында барлығы өз бақылауыңызда. Яғни, сізге бейтаныс сөз жоқ, өз сөздік қорыңызды емін еркін қолданасыз. Ал айтылым бөлімінен айырмашылығы: жазарыңызды сараптап ойлануға жеткілікті уақытыңыз бар.

Бұл мақалада емтиханда кездесетін жазбаша тапсырмалардың бірнеше түрі қарастырылады. Назар аударыңыз: Емтихан форматына байланысты нақты ақпарат алу үшін IELTS немесе Cambridge English ресми дереккөздеріне жүгінуіңізді сұраймыз. Аталған сайттардан тапсырма мен мәтін түрлерін таба аласыз.

IELTS емтиханын тапсырушылар Academic Writing или General Training Writing онлайн тесттерін тегін өтеді. Сондай-ақ, IELTS Writing жауап парақшаларын жүктеп, жазбаша тапсырмаларға дайындалуға мүмкіндік бар. 

Эссе

Қандай емтиханда кездеседі? 

B2 First, B2 First for Schools, C1 Advanced және C2 Proficiency емтихандарының бірінші бөлімінде міндетті тапсырма ретінде

Эссе дегеніміз не және кімге арналған?

Эссе – ол академиялық мәтін. Студенттер эссені оқытушылар немесе емтихан қабылдаушылар үшін жазады, жазу стилі нейтралды болуы тиіс.

Эссені қалай жазу керек?

Әуелі сұрақты мұқият оқу керек. Емтихан тапсырмаларының басым бөлігінде эссе мазмұнына кірістірілуі қажет аспектілер болады. Және өз ойыңызды да ашып жазу талап етіледі.

Мәтін тақырыбы нақтыланған соң, одан ауытқымаңыз. Жеке басыңызға қатысты мәселені мысал етуден аулақ болыңыз, тек жалпылама сипатта жазуға тырысыңыз.

Хат немесе электронды хат

Қандай емтиханда кездеседі? 

B2 First, B2 First for Schools, C1 Advanced және C2 Proficiency емтихандарының екінші бөлімінде таңдаулы тапсырма ретінде

Хат дегеніміз не және кімге арналған?

Емтихан барысында хаттың кез келген түрі бір формат болып есептеледі. Тапсырманы мұқият оқып, хаттың кімге арналғанын анықтаңыз. Соған байланысты хат қаншалықты ресми болуы керек, хаттың мазмұны қалай жазылуы керек екенін түсінесіз.

Хат немесе электронды хатты қалай жазу керек?

Эсседегідей бірінші тапсырманы толық түсініп алу. Артық ақпарат жазбаңыз. Мысалы, тапсырма бойынша басшылыққа проблеманы түсіндіру керек болса, өзіңізді таныстырып жатудың қажеті жоқ. Бұл орайда сіздің кім екеніңіз онсыз да белгілі.

Хатты бастамас бұрын, мақсатыңызды айқындап алыңыз: сіз шағымданайын деп жатырсыз ба, қандай да бір қызмет түрін көрсетуді сұрамақсыз ба әлде ұсыныс жасағыңыз келе ме? Хаттың мазмұны мен сипаты сіздің мақсатыңызға сай екеніне көз жеткізіңіз.

Хат жазудың себебі (және ресмилік деңгейі)
Сәйкес сөз тіркесі 
Шағым (ресми стиль) 

I feel I must draw … to your attention. 

Меніңше, мына мәселеге...назар аударуыңыз керек.

I was disappointed to find / see that... 

...осыған байланысты шағымдануға мәжбүрмін.

Қызмет көрсету туралы өтініш білдіру (нейтрал немесе бейресми стиль) 

I was wondering if you could… 

… осы қызмет түрін жасай аласыз бе білейін деп едім.

Would it be possible (for me) to…? 

...осыны жасау мүмкін бе? 

Ұсыныс немесе келісім (нейтрал немесе бейресми стиль)  

How would you like to…? 

…бұл туралы қандай ой білдірер едіңіз? 

Would you be interested in ...ing …? 

...сізге қаншалықты қызық болар еді? 

You are very welcome to stay at my place / use my office / car / bike. 

Менің үйімде қалсаңыз/ кеңсем/ көлігім/ велосипедімді қолдансаңыз болады.

Кеңес беру (нейтрал немесе бейресми стиль) 

Have you considered …ing …? 

…мүмкіндігі туралы қарастырдыңыз ба? 
…туралы ойладыңыз ба? 

You shouldn’t … 

 … бұлай істеудің қажеті жоқ.

Try not to worry / overthink it… 

..бұл туралы көп уайымдамаңыз, көп ойға батпаңыз.

Тәжірибе алмасу немесе пікір білдіру (нейтрал немесе бейресми стиль) 

Тапсырманың осы түріне мұқият болыңыз. Көбінесе C1 Advanced немесе C2 Proficiency 

емтиханында «редакцияға хат жазу» мысалы ретінде келеді. Берілген тапсырманы үнемі мұқият оқыңыз, хаттың кімге арналғанына назар аударыңыз.. 

I am writing in response to your request for readers’ experiences of / thoughts on... 

Сіздің өтінішіңіз бойынша оқырмандардың пікірін жазып отырмын, ойымды жазайын деп едім...

Рецензия (шолу)

Қандай емтиханда кездеседі? 

B2 First, B2 First for Schools, C1 Advanced және C2 Proficiency емтихандарының екінші бөлімінде таңдаулы тапсырма ретінде

Рецензия дегеніміз не және кімге арналған?

Рецензия - адамдардың кітап, фильм немесе өнім таңдауына байланысты шешім жасауға көмектесуге арналған жазба. Рецензия, әдетте, журнал немесе сайтта үлкен аудиторияға арналып жарияланады. Және ол оқырмандардың талғамы сіздікінен ерекшеленуі мүмкін.

Рецензияны қалай жазу керек?

Объективті болуға тырысыңыз. Өз пікіріңізді жазарда адамдардың ойы өзгеше боларын есте сақтаңыз.  Мысалы, мен романтикалық комедия көргенді ұнатпаймын. Бірақ менің өзім « Гарри мен Салли кездескенде» фильміне өзіндік баға бере аламын: өте күлкілі, адам эмоциясын ашып көрсете алған, әлі күнге дейін атақты фильмдердің бірі екенін атап өтпеуге болмас. Осының барлығын рецензияда жазу керек. Себебі, рецензия оқырманға пайдалы болуы тиіс.

Мақала

Қандай емтиханда кездеседі? 

B2 First, B2 First for Schools, C2 Proficiency емтихандарының екінші бөлімінде таңдаулы тапсырма ретінде

Мақала дегеніміз не және кімге арналған?

Емтиханда мақала «жеке пікір білдірумен» тең. Мақаланың мақсаты – ақпараттандыру. Рецензия сияқты мақала да журнал және веб сайттарда жарияланып, үлкен аудиторияға арналады. Сол себепті оқырманның ойы қандай болатынын нақты болжау мүмкін емес.

Мақаланы қалай жазу керек?

Жан-жақты адам болыңыз. Егер сізге ұсынылған тақырыпты ұнатпасаңыз, басқасын таңдаңыз. Ал тақырып сізге қызық боп жатса, өте жақсы. Идеяларыңызды нақтылайтын дәлел мен мысалдарыңыз дайын болсын. Егер емтихан тіл деңгейін анықтауға бағытталған болса, өз ойыңызға қарама-қарсы тараптың да пікірін ескеріңіз. Ағылшын тілінде мақала жазу стилі туралы білу үшін ғаламтор немесе журналдардан ағылшын тілінде материал оқып шығыңыз.

Баяндама

Қандай емтиханда кездеседі? 

B2 First, C1 Advanced және C2 Proficiency емтихандарының екінші бөлімінде таңдаулы тапсырма ретінде

Баяндама дегеніміз не және кімге арналған?

Баяндама қандай да бір оқиға немесе сауалнама нәтижесі туралы ақпараттандыру үшін жазылады. Белгілі бір оқиғаға баға беріп, нәтижесін сараптап, ұсынысымен қатар қорытынды жасап шығарасыз.  Әдетте, баяндаманы басшылық немесе оқытушы сұранысына арнап жазады.

Баяндаманы қалай жазу керек?

Баяндаманы бірнеше бөлімге бөліп, әрқайсына тақырыпша қойыңыз. Мысалы, мақала оқып жатқанда арнайы шағын тақырыпша болмаса, басынан шатасып кетесіз. Сол сияқты баяндамада да тақырыпша болу маңызды, олар:

  • ойыңызды жинақтауға көмектеседі;
  • емтихан қабылдаушы маман сіздің баяндама жаза алатыныңызды бірден түсінеді.

Тапсырманы мұқият оқып, баяндамаңызда нақты қандай ақпарат болу керек екенін анықтаңыз (мысалы, сауалнама қалай өтті, оның нәтижесі және сіздің ұсыныңыз). Осы ақпаратқа байланысты баяндамаңызды бірнеше (әдетте үш бөлім) бөлімге жинақтап, әр бөліміге тақырыпшасын жазыңыз.

Ұсыныс

Қандай емтиханда кездеседі? 

C1 Advanced және C2 Proficiency емтихандарының екінші бөлімінде таңдаулы тапсырма ретінде

Ұсыныс дегеніміз не және кімге арналған?

Ұсыныс - қазіргі немесе өткен шақтағы оқиғаны сипаттайтын бірнеше бөлімнен тұратын жазба. Құрылымы бойынша баяндамаға ұқсас. Баяндама мазмұны қазіргі немесе өткен шаққа бағытталса, ұсыныс келер шаққа  байланысты жазылады. Ұсыныс басшылыққа, қалалық кеңес немесе басқа да ұйымға арналып жазылуы мүмкін.

Ұсынысты қалай жазу керек?

Алдыңғы тапсырмада көрсетілгендей идеяңызды нақтылап, әр бөліміге тақырыпша қойып ойыңызды ашып жазыңыз.

Әңгіме (оқиға)

Қандай емтиханда кездеседі? 

B2 First for Schools емтиханының екінші бөлімінде таңдаулы тапсырма ретінде

Әңгіме дегеніміз не және кімге арналған?

Әңгіме - біз рахаттана отырып оқитын (немесе жазатын) мәтін. Егер сіз бос уақытыңызда әңгіме жазу, оқу дегенді ұнатпасаңыз,- бұл тапсырма түрі сізге қиынға соғуы мүмкін.

Әңгімені қалай жазу керек?

Шабыт пен ережеге бағыну арасындағы балансты сақтаңыз. Тіл байлығыңыз (жазбас бұрын өз ойыңызды қалай білдіре алатыныңызға назар аударыңыз) және сюжетке (әр оқиғаның финалы болуы керек) мән беріңіз.

Әңгіме жазу – өз еркіңізге салып көсіліп жазуға мүмкіндік беретін тапсырма түрі. Қиялыңызға ерік беріп, сөздік қорыңыздағы ең әдемі тіркестер мен грамматиканы қолданыңыз.

Сонымен, емтиханның екінші бөліміндегі жазба тапсырмаларының қайсы оңай?

Ағылшын тілінен беретін мұғаліміңізді таң қалдырғыңыз келсе, осы сұрақты қойып көріңіз. Тапсырманың оңай немесе қиын болуы адамның қабылдауына байланысты. Мысалы, біреуге ұсыныс пен хат жазудағы творчествалық еркіндік ұнайды, ал кейбіреулер күрделі санайды. Тапсырманың қиындығын анықтап жатуға арнайы уақыт та болмайды, себебі:

А) екінші бөлімде қандай тапсырма болатынын сіз алдын-ала біле алмайсыз;

Б)  тапсырманың қиындығы тақырыпқа да байланысты.

Мысалы, сіз ұсыныс жазуды ұнатпайсыз, оны іш пыстырарлық деп ойлайсыз. Одан да рецензия жазғыңыз келеді, себебі кино қарағанды жақсы көресіз. Бірақ емтихан тапсырмасы ұсыныс жазу, ал тықырыбы жергілікті кинофестиваль туралы.

Екінші бөлімнің тапсырмасын орындамас бұрын, барлық нұсқаларды оқып шығыңыз. Және өзіңізден «әлем туралы білімім мен сөздік қорымды  қалай қолдансам болады» деп сұраңыз.

Сөз соңында...

Жоғарыда көрсетілген жазба тапсырмаларының барлығында ойыңызды абзацқа бөліп нақтылауды, оқырманға мәтін ұғынықты болуы үшін байланыстырушы сөздерді қолдануды ұмытпаңыз. Мысалы, moreoverin addition сөздері арқылы бір ойды жалғастырсаңыз; howevernonethelesson the other hand сөздері арқылы қарама қарсы пікір білдіріп немесе ой бағытын өзгертіңіз.