"Assylmura" шеберханасының басшысы, киіз шебері Ұлбосын Дәуленова British Council-дің Crafting Futures бағдарламасы аясында өткізілетін семинарлар мен шеберлік сабақтарына белсене қатысады. Ол киіз өнерін не үшін жақсы көретінін және семинарларға қатысу оның сүйікті ісін дамытуға қалай көмектесетінін бізге айтып берді.
"Мен Алматы маңындағы өте әдемі таулы ауылда туып өстім. Политехникалық институтты тау-кен инженер-геологы мамандығы бойынша бітіріп, аталған салада жұмыс істедім. Бірақ киізден жасалған орындық жасау бойынша шеберлік сабағына қатысқаннан кейін мен киіз бұйымдарын жасау технологиясына қатты қызығушылық таныттым, мен осы қызық процесті зерттегім келді. Содан бері мен көп тәжірибе жасап, статикалық, пішінді сақтайтын, сөмкелер, аяқ киімдер, сондай-ақ ұлттық такия сынды бас киімдері және керісінше: жұқа, жібекпен ламинатталған, киімге арналған киіздер жасадым. Бұл үшін біздің шеберханамыздың жетекшісі және ұлттық қолөнерді жаңғырту патриоты Айгүл Жансерікова барлық жағдай жасады: Қырғызстан, Германия және Аустриядан киіз ісінің шеберлерін шақырды және біздің шеберлерімізге тренингтер өткізді. Ол үшін мен оған қатты ризамын. Сонымен бірге біз ауыл шеберлеріне жаттықтырушы болдық", - дейді Ұлбосын Дәуленова.
Шебер British Council бастамашылық еткен бағдарламаларға 2006 жылдан бастап қатысып келеді.
"Мен бағдарламаларға қуана-қуана қатысамын, өйткені олар дамуға бастап, көкжиекті кеңейтеді. Соңғы семинарда біз бұйымдарымызды жасау және іске асыру процесін, серіктестермен және клиенттермен өзара іс-қимыл процестерін талдауды, ресурстарды іздеу және өндіріс пен сату көлемдерін арттыру бойынша міндеттерді кезең-кезеңімен орындауды үйрендік. Әлі күнге дейін көп нәрсенің ретсіз орындалып жатқанын мойындау керек. Мен фактуралық киіз жасау технологиясына, киіз киім конструкцияларын жасауға әуестенемін, сондай-ақ мүмкіндігінше көп әйелді осы қызық және табысты қолөнерге үйретуді өзімнің парызым деп санаймын. Бұл тұрғыда ҚР қолөнершілер одағының төрағасы Бекқұлова Айжан Әбдіманапқызына үлкен алғысымды білдіремін, ол мені 2018 жылы жұмыссыз әйелдерді біздің қолөнерімізге үйретуге жаттықтырушы ретінде шақырды, қазір мен әйелдерді өз шеберханамда оқытамын", - дейді кейіпкеріміз.
Шебер бәсекеге қабілетті болу үшін өнімнің сапасын арттыра отырып, ұйымдасқан және саналы түрде жұмыс істеуді үйреніп жүргенін мойындайды. Цехтағы әріптестерімен бірге кәдесыйлардың тізімін жасап, оларды өндіру көлемін арттыруды, нарықты зерттеумен айналысады.
"Соңғы воркшоптар кезінде брендтердің тұсаукесерлері есте қалды, бір-бірімізді тыңдай отырып, біз әңгімелесушінің қандай іс-әрекеттермен немесе сөздермен қызығушылық тудыруы мүмкін екенін қысқа әрі сенімді түрде түсіндік. Ажар, Гүлнар Өмірбек және Гүлмира Терлікбаеваның тұсаукесерлері ұнады. Әрине, біз көп жұмыс істеп, брендті алға жылжыту аспектілерін зерттеуіміз керек, бірақ "жолды жолға шыққан еңсереді", - деп бекер айтылмаса керек. Сонымен қатар, сіздің жалғыз болмауыңыз үлкен мәнге ие. Әсіресе қолөнершілердің жайлы ортасы, яғни біздің қауымдастық – бұл рухы мықты, өзін-өзі қамтамасыз ететін және ынталы адамдар қауымдастығы, олармен қарым-қатынас жасау қызық және пайдалы, мен олардың қоғамында болғаныма қуаныштымын", - деп бөлісті Ұлбосын ханым.
Crafting Futures бағдарламасы туралы толық ақпаратпен мына жерден танысуға болады.