Crafting Futures – бұл қолөнердің, қолөнерлік тәжірибелер мен қолөнершілердің болашағын қолдайтын Британ Кеңесінің үш жылдық жаһандық бағдарламасы.
Қазақстандағы Crafting Futures бағдарламасы University of Leicester, Royal College of Art және Қазақстан қолөнершілер одағымен серіктестікте әзірленді.
Іс-шаралар екі қалада – Алматы мен Шымкентте өткізілді. Біздің серіктестеріміз 2019 жылы Алматы мен Шымкентке барып, қолөнершілерді бизнес-процестерге оқытудың аса қажет екенін анықтады.
2019–20 жылдары өткізілген семинарлардың бірінші кезеңінің мақсаты сторителлиңке арналған сессиялардың нәтижелері бойынша (пилоттық зерттеу кезеңінде өткізілген), қолөнершілер өз тарихын көрсететін қазақ қолөнерінің шағын көрмесін ұйымдастыру болды.
Бағдарламаның 2020–22 жылдардағы соңғы екі кезеңі пандемия жағдайында онлайн және офлайн жүзеге асырылды және келесі міндеттерді қойды:
- Қазақстандағы қолөнершілер қауымдастығының ұжымдық шығармашылық көшбасшылық амбицияларына мүмкіндік беретін және қалыптастыратын шығармашылық және іскерлік дағдыларды дамыту
- Халықаралық және Ұлттық деңгейде (Open Street Maps көмегімен) көбірек көріну үшін жеке қолөнершілердің қолданыстағы жұмыс бағыттары мен туындыларын картаға түсіру және көрнекі түрде ұсыну
- Business Canvas Model жүйесін пайдалана отырып, кәсіпкерлікке және бизнесті жүргізуге жеке және тәуелсіз көзқарас мүмкіндігін қамтамасыз ету
Үш жылдық бағдарлама туралы толық ақпарат есепте берілген.