Gecko театры – көркемдік жетекшісі Амит Лаавтың басқаруындағы халықаралық деңгейде танылған театр труппасы, көптеген марапаттардың иегері.

Gecko театрлық көрсетілімдері көрнекі бейнелерге толы, олар биікке ұмсынтады және адамның түйсігіне терең бойлатады. Олар адамды шабыттандырып, жанын тебірентіп, көңіл-күйін жақсарта алады. Әртістердің ойынын кез келген тұрғыдан пайымдауға болады және ол көрерменге сахнада болып жатқан жайттардың тура ортасында жүргендей әсер береді.

Амит Лаав шынайы шығармашылық процесс жасай білген, онда белсенді әрі күрделі тәжірибелік кезеңдер, батыл қадамдар, жаңаны тереңнен зерделеу және сәтсіздіктер бар. Ол хореографиядан, сценарийлер жазудан, сценографиядан, ойланып-толғанудан құралады. Бимен қатар, әрбір көрініс дыбыс пен техникалық жарақтама тұрғысынан әбден тәптіштелген.

Әртістер мен қоюшылардыңөсіп келе жатқан ұжымы театр жұмысында сан алуан мәдениеттерді, түрлі пішіндерді, әр жастағы адамдарды біріктіруге мүмкіндік береді. Театр ұлттық және халықаралық деңгейлерде спектакльдер көрсетуде және бүкіл дүние жүзіндегі өзінің байланыстарын нығайтуды жалғастыруда.

Сахнадан тыс тұрғыдан Gecko театры қолда бар барлық тәсілдермен өз әлеміне есік ашады, олар – цифрлық технологиялар, студенттер мен оқытушыларға арналған бағдарламалар, өз көрерменімен көзбе-көз араласу.

КОМПАНИЯНЫҢҚЫЗМЕТІ

Gecko театрын әртістер басқарады және оқып-үйренуден бастап жарнамаға дейінгі бүкіл жұмыс көркемдік-шығармашылықөнім шығаруға бағытталған. Шығармашылық процестіңөнімділігі ғаламат – ол мұқият жоспарланады әрі аса жоғары сапаны қамтамасыз етуге тиіс. Бұл қалыптасқан өндіріс, осындай тәртіптің арқасында соңғы он жыл ішінде көпшілікке танымал болған алты шоу жасалды.

Шоу жасауға орташа алғанда екі жылдан астам уақыт кетуі мүмкін және тіпті шоу сахнада көрсетілген және гастрольге шыққан кезде де ол толықтырылуы мүмкін. Қойылым ұзақ уақыт – бес жылға дейін көрсетілуі мүмкін және оныңүнемі жетілдірілуі ұжым жұмысының барлық бағыттары үшін шоудың орасан зор маңызы бар екенін білдіреді.