Автор: | Амит Лаав |
Продюсер: | РозалиндУинн |
Қойылым менеджері: | Натан Джонсон |
Әртістер: | Крис Эванс, Амит Лаав, Райен Перкинс-Ганье, Франсуа Тестори. |
«Институт» – бір-біріне қамқор болудың не екені туралы көрерменді ойланып-толғануға мәжбүр ететін көрініс пен сезімге толы қойылым.
Gecko театры қайталанбас әлемдерді жасаушы, дегдар қойылымдар мен әсерлі хореографияның шебері деген атаққа ие болған. «Институт» қойылымында адамның күрделі болмысын тереңірек ашып көрсететін қимыл-қозғалыстар, көрнекі бейнелер және бидің сан алуан мәнерлері пайдаланылады. Бұл қойылым оңаша сырластыққа шақырады, күлкіңді келтіреді, жанарыңды еліктіреді. Ол – адамныңқалыптасуына және оныңөз-өзіне және басқаларға деген көзқарасына іштей ирониямен қарау.
Амит Лаав труппаға мынадай сұраққояды: қиын міндеттер қойылып, үлкен үміт күтілетін осы бір мазасыз заманда бір-біріңе қамқор болу дегеніміз не? Адам бәрінен айырылғанда не болады? Ол не істеуге тиіс?
Төрт әртіс әрқайсысы сүйгісі де, сүйікті болғысы да келетін, бізге өте жақсы танымал төрт адамның жан-дүниесін ашып көрсетеді…