Крис Эванс билеуді және дүние жүзіне гастрольге шығуды Hofesh Shechter Company труппасының тұңғыш бишілерініңқұрамында бастады. Сол кезде ол сондай-ақ Джонатан Ланнмен бірге «Оқу залы» (Reading Room) аты би қойылымы бойынша жұмыс істеді, оған Алан Рикмэн, Джульет Стивенсон және Миранда Ричардсон қатысқан болатын.
Содан кейін ол Lost Dog ұжымында билей бастады да, «Арғымақтар керек» (It Needs Horses) шоуын жасауға атсалысты. Бұл ұжым түрлі елдерге гастрольге шығып, Bloomberg компаниясы демеушілік жасайтын The Place орталығының марапатына ие болды. Gecko театрында Крис 2011 жылдан бері би партияларын орындап, «Сағыныш» (Missing) және «Институт» (Institute) қойылымдарын жасау мен дүние жүзінде көрсету бойынша жұмыс істеді.
Крис Эванс Нью-Йорктегі Метрополитен-опера театрындағы «Екі ұл (Two Boys) премьералыққойылымында хореограф Хофеш Шехтердің көмекшісі ретінде онымен шығармашылық ынтымақтастығын жалғастыруда.
Крис сондай-ақ кино өндірісіндегі өзінің жұмысын жалғастырып, көптеген анимациялық және би жобаларына, соның ішінде комик Эдди Иззардтың жобасына хореограф ретінде қатысты.