2014 жылы Ұлыбритания мен Қазақстанның үкіметтері жалпы бюджеті 20 миллион фунт стерлингіні құрайтын «Ньютон – Әл-Фараби» атты бірлескен бес жылдық Әріптестік бағдарламасын бастады. Екі жақ бағдарламаны тепе-теңдік шарттарында қаржыландырады.

Бағдарлама Ұлыбритания мен Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігінің Кәсіпкерлік, энергетика және индустриалды стратегия министрлігі басқаратын Ньютон Қорының қызметі шеңберінде және соның қаражаты есебінен жүзеге асырылады (қордың капиталы 735 млн фунт стерлингті құрайды). Ньютон Қорының түрлі бағдарламаларды қаржыландыруы даму мақсатында ресми көмек көрсету бойынша Ұлыбританияның міндеттемелерінің бір бөлігі болып табылады. Қордың жұмысы арқылы Ұлыбритания серiктес елдердің әлеуметтік экономикалық дамуына жәрдемдесу мақсатында ғылыми-зерттеу және инновациялық қызметіндегі өзінің білімі мен тәжірибесімен алмаса алады.  

Екі жақты және көп жақты бағдарламалар шеңберіндегі бірлескен жұмыс барысында Ұлыбритания мен Қазақстан бұрыннан бар байланыстарды кеңейту мен нығайтуды және ғылыми зерттеулер мен инновациялар саласында мықты, тұрақты, жүйелі қарым-қатынас құруды ниет етеді. 

«Ньютон – Әл-Фараби» бағдарламасының үйлестірушілері Қазақстан тарапынан «Ғылым қоры» АҚ және Ұлыбритания тарапынан British Council болып табылады.

Бастапқыда бағдарлама ғылыми әлеуетті арттыруға, кадрлар алмасуға және бірлескен зерттеу орталықтарын құруға бағытталатын болады. Төмендегі алты негізгі бағытқа басты назар аударылады:

  • Энергетика
  • Денсаулық сақтау және әл-ауқат
  • Ауыл шаруашылығы технологиялары
  • Табиғи апаттардан кейін қалпына келу қабілеті
  • Экология және қоршаған орта 
  • Азық-түлік және су

Болашақта бағдарлама аталған бағыттар бойынша Ұлыбритания мен Қазақстанның арасындағы ғылыми ынтымақтастыққа, сондай-ақ инновациялардың экономикалық және әлеуметтік құндылығын арттыруға барған сайын көбірек қолдау көрсететін болады деп топшылануда.

Қосымша ақпарат

Ньютон Қоры туралы қосымша ақпаратпен Newton Fund сілтемесі арқылы танысуға болады. 

Universities UK International веб-торабында әріптес-елдердегі өтінім қабылдау басталуы туралы ақпаратты таба аласыз. 

«Ньютон – Әл-Фараби» әріптестік бағдарламасы туралы қосымша ақпарат алу үшін келесі электронды поштаға жазыңыз: newton-al-farabi@kz.britishcouncil.org.

See also

Сыртқы сілтемелер