2019 жылы Британдық Кеңес алматылықтар арасында қалалық мәдени іс-шараларды ұйымдастыруда тәжірибесі аз, жаңадан бастап жүрген өнер мен шығармашыл адамдарды іздейтінін жариялады. Нәтижесінде,  Алматыдан 6 қатысушы іріктеліп, оларды Британ Кеңесі 2019 жылдың шілде айында болатын Manchester International Festival және Supersoniс (Бирмингем) фестивальдеріне шақырды. Бұл сапардың мақсаттарының бірі - қатысушыларды британдық мәдениетіне баулып, осы фестивальдердің форматын таныстыру арқылы өз шағын іс-шараларын өткізуге шабыттандыру. Ұлыбританияға сапардың нәтижесінде, 2019 жылдың қыркүйек айында Алматыда осы фестивальдерге қатыса алмаған қатысушылар тобына бір апталық кеңейтілген мастер-класс өткізілді. Мастер-кластың негізгі идеясы жеңімпаздар тобына берілген Британдық Кеңес грантының есебінен таңдалған бірнеше жобадан тәуелсіз өзіндік жоба құру. Алматы қаласында 29 ақпан - 1 наурыз аралығында өткен көпсалалы STYQ Fest фестивалі жобаның бірінші жылының қорытындысы болып саналды.   

Сыртқы сілтемелер